Қазақстанда тегін дәрілерді Face ID арқылы алуға болады

Қазақстанда тегін дәрілерді Face ID арқылы алуға болады

Енді қазақстандықтар тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмекті Face ID көмегімен — смартфонсыз-ақ ала алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.

Жаңа жүйе Ақтөбе облысында сынақтан өтті: науқас дәріхана пунктіне келіп, бет-әлпеті арқылы цифрлық сәйкестендіруден өтеді де, дәрісін алады. Осы тәсілмен қазірдің өзінде 13 мыңнан астам рецепт орындалды.

Механизм смартфоны немесе интернетке қолжетімділігі жоқ қарт адамдар үшін әзірленген. Face ID-ден бөлек, QR-код және SMS-хабарлама арқылы растау мүмкіндігі де бар. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елімізде рецептердің 75%-ы «Әлеуметтік әмиян» арқылы өңделеді, 3%-ы — баламалы тәсілдермен. Қағаз рецептер қосымша нұсқа ретінде әлі де қолданылады.

TSARKA қолдауымен