Қазақстанда тұрғын үйді бөлудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылады.

Қазақстанда тұрғын үйді есепке алу және бөлуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі әзірленді. Бұл жүйе сегіз мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген және «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.
Не өзгереді?
• Өтініш берудің толық онлайн процесі – азаматтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, өтініштерді рәсімдей алады.
• Тұрғын үйді автоматтандырылған бөлу – шешімдер цифрлық отбасы портреті негізінде, шенеуніктердің қатысуынсыз қабылданады.
• Тұрғын үйді есепке алу және бөлу функцияларын әкімдіктерден «Отбасы банкке» өткізу – 2025 жылдың мамыр айынан бастап барлық процестер орталықтандырылады.
• Smart Data Ukimet жүйесімен интеграция – мұқтаж азаматтарды нақты есепке алу үшін 120 000-нан астам сервиске қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Қалай жұмыс істейді?
Әрбір өтініш жүйеде отбасының табысы, мүлкі мен активтері ескеріле отырып талданады, бұл мемлекеттік қолдауды әділ бөлуге мүмкіндік береді. Бұл қолмен басқаруды болдырмайды және жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Жүзеге асыру кезеңі қандай?
Қазіргі уақытта жүйе нақты кезекте тұрған азаматтардың деректерін пайдалана отырып, пилоттық тестілеуден өтуде. Smart Data Ukimet-пен интеграциялау жұмыстары аяқталуға жақын. Жүйенің толық іске қосылуы 2025 жылғы 24 мамырға жоспарланған.