Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады: робототехник, Big Data аналитигі, смарт-жүйелерді әзірлеуші
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан колледждерінің білім беру бағдарламаларына енгізілетін жаңа мамандықтардың тізімін таныстырды. Бұл өзгерістер өндірісті автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ ауқымды индустриялық жобаларды іске қосу қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылуда.
Қандай мамандықтар пайда болады?
Металлургия және тау-кен өндіру:
• Роботтандырылған тау-кен техникасының операторы;
• Тау-кен және металлургия өнеркәсібіне арналған смарт-жүйелерді әзірлеуші.
Машина жасау:
• Өнеркәсіптік робототехника инженер-конструкторы;
• Виртуалды прототиптеу маманы;
• 3D-басып шығару және дәнекерлеу инженері;
• Роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы.
Құрылыс:
• Цифрлық жобалаушы;
• Big Data аналитигі;
• “Ақылды үй” жобалаушысы.
Атласқа 75 жаңа мамандық енгізіліп, 40-тан астам мамандық қайта қаралды. Жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, 336 мамандықты қамтитын 60 кәсіби стандарт әзірленуде.