Қазақстанда жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары іске қосылады

Қазақстанда жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары іске қосылады

Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады. NVIDIA компаниясының өкілдерімен кездескен қазақстандық тарап елдегі оқу орындарында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламаларын іске қосу туралы келісімге келген.

Цифрлық даму министрлігінің делегациясы Сан-Франциско қаласындағы NVIDIA компаниясының бас кеңсесінде болды. Кездесу барысында қос тарап жасанды интеллект пен суперкомпьютерлік технологиялар саласындағы ынтымақтастық орнату барысын талқылады.

Нәтижесінде, Deep Learning Institute бағдарламасы аясында Қазақстанның оқу орындарында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары іске қосылады. Айта кетейік, білім беру мазмұны қазақ тілінде болады.

Сондай-ақ министрлік Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту үшін NVIDIA чиптерін пайдалана отырып, есептеу қуатын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Nvidia (NVIDIA Corporation) — нарықтық капитализациясы 3 трлн долларға жеткен алғашқы компьютерлік Чип компаниясы. Ол Microsoft корпорациясынан кейінгі екінші орында тұрған алпауыттың бірі. Компанияда қызмет ететін қызметкерлердің 30 пайызының жағдайы 20 миллион долларға жеткен.

 TSARKA қолдауымен