Қазақстанда жасөспірімдер футбол командаларының жаттығу процесін автоматтандыруға арналған цифрлық платформа іске қосылды

Қазақстанда жасөспірімдер футбол командаларының жаттығу процесін автоматтандыруға арналған цифрлық платформа іске қосылды
Қазақстанның жасөспірімдер футбол лигасы — QJ League жаттығу процесін оңтайландыру және футболшылардың даму барысы туралы кеңейтілген статистиканы жинау мақсатында өзінің көпфункциялы цифрлық платформасы — FF Manager-ді әзірлеп, сәтті іске қосты.
Платформа Қазақстанның жасөспірімдер футбол лигасының жаттықтырушыларына, менеджерлеріне, аналитиктеріне және ойыншыларына арналған. Жоба мыңдаған қолданушының өміріне оң өзгеріс әкеліп, елдегі жасөспірімдер спорттық ортасын цифрландыруға үлкен үлес қосты.
Цифрлық сервиске QJ League қатысушылары тегін қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта бұл платформаны Қазақстанның 18 өңірінен 20 жетекші футбол клубының жасөспірімдер командалары пайдаланып отыр. Лигада бүгінде 1500-ден астам ойыншы мен шамамен 80 жаттықтырушы, әдіскер және аналитик тіркелген. Жүйе үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.
Платформа іске қосылғанға дейін көптеген жасөспірімдер командаларының жаттығу процесі жүйелі түрде ұйымдастырылмаған болатын. Жаттықтырушылар негізінен өз тәжірибелеріне сүйенді, ал жоспарлау мен есеп беру көбіне қағаз жүзінде жүргізілді немесе мүлде болмаған. Лига аналитиктері де жас ойыншылардың дайындық цикліндегі тиімділігін жедел бағалай алмады, олардың дамуын бақылап, қажетті ұсыныстар беруге мүмкіндік болмады.
FF Manager платформасы жаттығу процесінің толық циклін — дайындықты жоспарлаудан оның сапасы мен тиімділігін бағалауға дейін — ұйымдастыру үшін ыңғайлы және тиімді құралға айналды. Бұл платформа жаттығу процесін толық цифрландыруды және оның аналитикасын автоматтандыруды қамтамасыз етті.
FF Manager платформасына жоспарлауға арналған интерактивті күнтізбе, микроциклдер, жаттығулар және тапсырмалар жасауға арналған үлгілер, заманауи әдістеме және мамандар әзірлеген кең көлемді контент базасы енгізілген. Сондай-ақ платформада жаттықтырушының командасына қойылған мақсаттарына, ойын стиліне және футболшылардың күшті жақтарына сәйкес жаттығулар мен тапсырмаларды автоматты түрде ұсынатын ұсыныстар жүйесі бар.
FF Manager арқасында көптеген өзекті мәселелер шешілді және жаттықтырушылар мен аналитиктердің жұмысы айтарлықтай жеңілдеді. Енді жаттықтырушылар сабақтар күнтізбесін онлайн жүргізеді, жаттығу бағдарламаларын жасайды және онлайн есептер береді. Жас футболшылар да жаттығу туралы кері байланыс беру мүмкіндігіне ие болды — чат-бот арқылы өздерінің шаршағандық деңгейін, психологиялық жағдайын және жаттығу кезінде болған ауырсынулар мен жарақаттар туралы ақпарат бере алады.
Барлық деректер бір жерде сақталады, ал лиганың аналитикалық бөлімі барлық процесті толық көріп, уақытылы бағалап, ұсыныстар әзірлейді. Бұл жас футболшыларды дайындаудың тиімділігін едәуір арттыруға және Қазақстандағы жастар футболының дамуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
FF Manager әзірлемесі футбол саласы мамандары мен ІТ-қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды. Платформа бірқатар беделді халықаралық сыйлықтарға ие болды. Мәселен, өткен жылдың желтоқсанында ол Еуропадағы ең ірі digital-премиялардың бірі — Tagline Awards-тың 11 номинациясында жеңіске жетті, ал осы жылдың сәуірінде Workspace Digital Awards халықаралық премиясында «Күрделі сайттар, сервистер және жеке кабинеттер» номинациясында бірінші орынды иеленді.
Платформаның иесі — QJ League футбол лигасы. Бұл — Қазақстан футбол федерациясы мен Freedom Holding Corp компаниясының бірлескен әлеуметтік жобасы, 2023 жылы іске қосылған. Жобаның басты мақсаты — жасөспірімдер командалары арасында жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, кәсіби командалардан кем түспейтін жарыстар өткізу.
2025 жылы Лигаға әртүрлі жас санатындағы (ұлдар мен қыздар) 54 команда қатысады, олар Қазақстанның жетекші футбол клубтарын таныстырады. Лига матчтары апталық «үй-жол» форматында өткізіледі және Қазақстанның жетекші спорттық арналары арқылы көрсетіледі. Командалардың ұшу, тамақтану, тұру шығындары, матчтарды төрелік ету, кемінде 4-6 камерадан тұратын сапалы трансляцияларды ұйымдастыру, маркетингтік сүйемелдеу және басқа да шығындар Лиганың жеке серіктестері есебінен қаржыландырылады.
2024 және 2025 жылдары Лига «MetaRatings Top Awards» нұсқасы бойынша «Қазақстанның үздік спорт ұйымы» атағын алды.
QJ League сайты: https://qjl.kz/ru
Цифрлық платформа: https://ffm.kz
Лиганың Telegram-арнасы: https://t.me/qjleague