Қазақстанда ЖИ-ді қолданудың қауіпті тәсілдеріне тыйым салынады: бет-әлпетті тану, әлеуметтік скоринг және дипфейктер

Қазақстанда ЖИ-ді қолданудың қауіпті тәсілдеріне тыйым салынады: бет-әлпетті тану, әлеуметтік скоринг және дипфейктер

Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын қолдануға бірқатар тыйымдар мен шектеулер енгізілді. Бұл 2025 жылғы 14 мамырда Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған «Жасанды интеллект туралы» заң жобасында көзделген.

Басты тыйымдардың бірі — қоғамдық орындарда бет-әлпетті нақты уақыт режимінде тануға арналған ЖИ технологияларын қолдануға жол бермеу. Тек заңнамамен көзделген жағдайлар ғана ерекшелік ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ заң жобасында мынадай әрекеттерге тыйым салынады:

● ЖИ технологияларын адамның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін жағдайларда оның саналы келісімінсіз қолдану;

● Жастық, мүгедектік, әлеуметтік жағдай секілді әлсіз тұстарын пайдалану арқылы ЖИ-ді қолдану;

● Әлеуметтік скоринг — адамдарды олардың мінез-құлқы немесе жеке сипаттамаларына қарай бағалау;

● Адамдардың эмоцияларын олардың келісімінсіз талдау;

● ЖИ арқылы заңсыз мазмұндағы контентті жасау және тарату;

● Толық автономды ЖИ жүйелерінің қызметі — мұндай алгоритмдерді Қазақстан аумағында қолдануға тыйым салынады.

Жасанды интеллект жүйелерінің барлығы тәуекел деңгейіне қарай жіктелетін болады — ең төменгіден бастап жоғары деңгейге дейін. Жоғары тәуекелге ие жүйелер аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарына жатқызылып, олар қолданыстағы заңнама аясында бақылауға және қосымша қорғауға ие болады.

Заң жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева былай деді:

«ЖИ — қылмыстық әрекеттер жасау тұрғысынан жаңа, анағұрлым улы технология. Уақытында шектеу қою өте маңызды. Бұл заң кім не үшін жауапты екенін нақтылайды: ЖИ жүйелерінің иелері тәуекелдерді басқаруға міндетті болса, пайдаланушыларға деректерін қорғау, ЖИ қолданылғаны туралы хабарландыру алу және автоматты шешімдерді даулауға құқық беріледі».

Сонымен қатар, ЖИ келтірген залал үшін жауапкершілік жүйе иесіне немесе операторының мойнына жүктеледі. Мұндай тәуекелдерді ерікті сақтандыру мүмкіндігі қарастырылуда — бұл болашақта азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігіне айналуы мүмкін.

TSARKA қолдауымен