Қазақстанда жемқорлардың жария реестрі құрылады

Қазақстанда жемқорлардың жария реестрі құрылады

Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобаларын талқылау барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов жемқорлардың жария реестрін құру жоспарланғанын мәлімдеді.

Реестрдің негізгі мақсаты – қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыру үшін қоғамдық айыптауды күшейту:

• Реестрге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдардың деректері енгізіледі.

• Реестрге қосу негізі – заңды күшіне енген айыптау үкімі.

Реестрден шығару тек келесі жағдайларда мүмкін болады:

• Ақытау үкімі заңды күшіне енген жағдайда;

• Соттылықтың жойылуы.

Реестр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында орналастырылып, барлық азаматтарға ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Депутаттардың талқылауына екі заң жобасы ұсынылды:

1. Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Еңбек кодекстері мен бес заңға, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жеке деректер және мемлекеттік қызмет туралы заңдарға өзгерістер енгізу.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу.

Өзгерістердің басым бөлігі 2026 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

TSARKA қолдауымен