Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеуге арналған Telegram-бот ойлап тапты

Қазақстанда цифрлық технологиялар көмегімен жоғалған үй жануарларын табуға мүмкіндік беретін әлеуметтік сервис пайда болды. «Кис-Кись, найдись!» деп аталатын жоба Telegram-ботты, сыртқы жарнаманы және жасанды интеллектіні пайдаланып, жоғалған мысықтардың иесіне оралуына көмектеседі.
Қалай жұмыс істейді?
Егер мысық жоғалып кетсе, иесіне @GdeKotBot Telegram-ботына оның фотосы мен сипаттамасын жіберу жеткілікті. Жүйе автоматты түрде жоғалған жерін көрсететін хабарландыру жасайды, ол:
● жақын маңдағы смарт-экрандарда;
● ботқа енгізілген 2ГИС интерактив картасында;
● серіктес қосымшалар мен дүкендерде пайда болады.
Сондай-ақ, кез келген адам көшеде мысықты көріп, суретін ботқа жүктей алады. Жасанды интеллект бұл суретті жоғалған жануарлар базасымен салыстырып, сәйкестік табылған жағдайда иесіне мысықтың орналасқан жері туралы хабар береді.
Бұл неге маңызды?
Қазақстанда ай сайын мыңдаған үй мысығы жоғалады — әсіресе жаз мезгілінде, ашық терезелер, қала сыртына шығу және қорғалмаған кіреберістер салдарынан. 2024 жылы еріктілердің деректеріне сәйкес, елімізде 60 мыңнан астам жануар жоғалғаны туралы хабарландыру жарияланған, олардың 60%-дан астамы мысықтарға қатысты.
Алайда мысықты табу — итке қарағанда әлдеқайда қиын: олар шақырғанға келмейді, ұзақ уақыт жасырынуы мүмкін және көшеде сирек көзге түседі. Статистика бойынша, жоғалған мысықтардың тек 41%-ы ғана үйіне оралады, ал иттердің — 70%-ы.
Көбіне қолданылатын тәсілдер — кіреберістерге хабарландыру ілу не чаттарға жазу — тиімділігін көрсете бермейді: оларды тез алып тастайды немесе көп адам көрмейді.
Жобаны кім қолдайды?
Жобаға Қазақстандағы алғашқы ресми жануарларды қорғау ұйымы — KARE қоры, халықаралық Whiskas бренді, CITIX (цифрлық экрандар желісі), 2ГИС және Magnum супермаркеттер желісі қолдау көрсетуде.