Қазақстанда жолдарды басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы құрылады

Қазақстанда жолдарды басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы құрылады

Көлік министрі Марат Қарабаев жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғыртуға негіз болатын «E-Joldar» цифрлық платформасын әзірлеу туралы хабарлады. Жүйе барлық автомобиль жолдары – халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жолдар жөніндегі мәліметтерді біріктіріп, оларды мониторингтеу үдерістерін автоматтандырады.

Платформаның негізгі міндеттері:

• Жол саласының дамуының ашықтығын қамтамасыз ету

• Жол активтерін бақылау және тиімді басқару

• Автожол пайдаланушылары, жергілікті билік органдары және мамандар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту

«E-Joldar» платформасын 2026 жылдың бірінші жартысында іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа жүйе жол қызметтерінің сапасын арттырып, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу үдерісін жеделдетеді деп күтілуде.

TSARKA қолдауымен