Қазақстандағы digital-жарнама: 2025 жылдың I тоқсанында бір рет басу құны қалай өзгерді

Қазақстандағы digital-жарнама: 2025 жылдың I тоқсанында бір рет басу құны қалай өзгерді

2025 жылдың басында Google Ads пен Meta платформаларындағы жарнама бағасы әртүрлі бағытта өзгерді. Google Ads сервисінде еліміздегі негізгі аймақтар мен форматтарда клик құнының өсуі байқалса, Meta (Facebook, Instagram және т.б.) жүйесінде жарнама бағасы керісінше, көптеген плейсмент бойынша төмендеді. Осындай тенденция аясында Netpeak Kazakhstan командасы Қазақстандағы digital-нарықтың динамикасын жүйелі түрде талдап, кликтің құнын аймақтар, құрылғылар, форматтар және тақырыптар бойынша сараптап отыр.

Google Ads-тағы клик бағасы — Қазақстан аймақтары бойынша

2025 жылдың І тоқсанында Атырау облысы мен Алматы қаласында Google Ads арқылы клик құнының медианалық деңгейі бірдей — $0,11-ге жетті. Бұл өткен жылдың соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда ($0,08) айтарлықтай жоғары. Атырауда кликтің құны диапазоны $0,06-дан $0,17-ге дейін болса, Алматыдағы баға тіпті кеңірек – $0,05-тен $0,23-ке дейін өзгереді. Бұл осы қалалардағы жарнама нарығының күрделілігі мен волатильдігін көрсетеді.

Павлодар биыл digital нарықтағы белсенділіктің жаңа нүктесіне айналып отыр: мұнда медианалық клик құны бірден 30% өсіп, $0,06-дан $0,08-ге жетті. Бұл аймақтың жарнама нарығында бәсекелестік күрт күшейгенін аңғартады.

Керісінше, Қостанай облысында клик әдеттегідей қолжетімді болып қалды: мұнда медиана $0,08-ден $0,06-ға (–22%) азайды, ал диапазон $0,03 пен $0,14 арасында. Осындай баға динамикасы Ақтөбе облысында да байқалады: диапазон өзгерген жоқ ($0,03 – $0,14), бірақ медианалық мән $0,09-дан $0,06-ға дейін (–40%) түсіп отыр.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың басында digital нарықтағы клик құнының құбылмалылығы жоғарылаған: Атырау мен Алматыда көрсеткіш 37%-ға ұлғайса, кей өңірлерде керісінше төмендеу тіркелген. Диапазонның кеңдігі ($0,03 – $0,23) жарнама берушілерге жаңа тактикалық мүмкіндіктер береді, әрі жергілікті нарықтың әртүрлілігін айқын көрсетеді.

Google Ads: Кампания түрлері бойынша кликтер бағасы

2025 жылдың І тоқсанында Google Ads-тың әртүрлі науқан форматтарында клик құны айтарлықтай өзгерген жоқ — күрт секірулер болмағанымен, кейбір бағыттарда өсім және аздаған төмендеу байқалды.

Search (Іздеу) жарнамасында медианалық клик бағасы $0,08-ге жетті (2024 жылдың соңында — $0,07), ал жоғарғы квартиль $0,15-тен $0,17-ге дейін көтерілді. Бұл көптеген кілтсөздер бойынша бәсекенің артқанын білдіреді. Төменгі шек — $0,04 деңгейінде сақталды.

Іздеу серіктестері (Search partners) де аздап қымбаттады: жоғарғы квартиль $0,07-ден $0,08-ге өсті (шамамен +15%), медиана $0,04-дан $0,05-ке артып, төменгі шек $0,03 болып қалды.

Ең бюджеттік формат — Performance Max. Бірінші тоқсанда жоғарғы шек $0,06 деңгейінде сақталды, жалпы диапазон $0,01-$0,06 аралығында.

Контекстік-медиялық желі (KMC/Display) кликтерінің құны әртүрлі бағытта дамуда: үш ай ішінде диапазон $0,01-$0,09-ға дейін кеңейіп, медиана $0,05-тен $0,04-ке төмендеді. Төменгі шек өзгерген жоқ — $0,01.

Meta (Facebook, Instagram және т.б.) платформаларындағы клик құны

Google Ads-та баға өсіп жатқанда, Meta экожүйесінде (Facebook, Instagram, Messenger, Audience Network) 2025 жылдың І тоқсанында кликтің жоғарғы квартильдік мәні барлық негізгі плейсменттерде төмендеді. Бұл екі платформа аясында айқын контраст қалыптастырып отыр.

Ең күшті төмендеу Messenger-де: жоғарғы квартиль $0,43-тен $0,34-ке түсті (–21%). Instagram әлі де ең қымбат плейсменттердің бірі, бірақ мұнда да клик құны $0,26-дан $0,24-ке дейін (–8%) азайды. Бұл визуалды контентпен жұмыс істейтін брендтер үшін жаңа терезе ашады.

Facebook-та клик бағасы $0,18-ден $0,15-ке дейін (–17%) төмендеді, ал медианалық мән сақталды. Audience Network — Meta Ads-та ең қолжетімді арна, жоғарғы шек $0,12-ден $0,10-ға дейін түсті (–17%).

Google Ads, KMC Google және Facebook Ads-та кликтің тақырыптар бойынша құны

Google Ads-тың іздеу науқандарында ең қымбат клик — “Жылжымайтын мүлік” ($0,04–$0,49) және “Электроника және гаджеттер” ($0,19–$0,31) тақырыптарында. Ең тиімді бағалар — “Киім мен аксессуарлар” ($0,02–$0,06) және “Кеңсе тауарлары мен полиграфия” ($0,01–$0,03) категориясында.

Контекстік-медиялық желіде бағалар сәл төменірек: “Бытовая техника” ($0,13–$0,30) — ең қымбаты, ал “Киім/аяқ киім/аксессуарлар” ($0,001–$0,04) — ең арзаны.

Facebook Ads-та ең жоғары ставка — “FMCG” ($0,56–$0,59) және “Жылжымайтын мүлік” ($0,28–$0,55) сегментінде; ең төменгі мәндер — “Авто сату” ($0,09–$0,19) және “Бытовая техника” ($0,05).

Құрылғы түрлері бойынша Google Ads-тың клик құны

2025 жылдың І тоқсанында компьютер арқылы жасалған кликтердің медианалық құны $0,08-ден $0,10-ға (25%) өсті. Мобильді құрылғыларда керісінше — медиана $0,11-ден $0,09-ға (–20%) төмендеді. Планшеттер сегменті ең қолжетімді болып қалды — $0,03, өзгеріссіз.

Мұндай динамика жарнама бюджеттерін қайта қарап, әр құрылғы типіне бейімдеу қажеттігін көрсетеді: desktop жарнамасына кликтер қымбаттаса, мобильді трафик арзандады. Планшеттердің үлесі аз (1–3%, SimilarWeb дерегі бойынша).

Зерттеу қалай өтті?

2025 жылдың І тоқсанындағы зерттеуді Netpeak Kazakhstan digital агенттігінің сарапшылары 16 қазақстандық қала мен 2 миллионнан астам клик деректеріне сүйеніп жүргізді. Анализ барысында Google Ads пен Facebook Ads-тың нақты кампания деректері қарастырылып, нарықтың өзекті динамикасы зерттелді.

Бұл зерттеу Қазақстандағы жарнама берушілерге науқандарды жоспарлауда аса қажет нақты ақпарат береді. Аймақ, құрылғы, платформа бойынша клик құнын ұдайы мониторингілеу арқылы өз жарнама стратегияңызды жетілдіріп, тиімді арналарды анықтауға болады.

Айта кетейік, зерттеу тек Netpeak агенттігінің кампания деректеріне сүйенген. Сіздің жеке аккаунтыңыздағы көрсеткіштер нарыққа, кампания сапасына және бәсекеге байланысты ерекшеленуі мүмкін.

TSARKA қолдауымен