Қазақстандағы инвесторлар үшін перспективалы секторлар мен өсу нүктелері

Қазақстандағы инвесторлар үшін перспективалы секторлар мен өсу нүктелері

Қазақстан экономикасы соңғы жылдары өсімнің жоғары қарқынын көрсетіп отыр, бұл түрлі жария дереккөздерде байқалады. ІЖӨ-нің өсу қарқыны соңғы үш жылда өткен кезеңдердің орташа көрсеткіштерінен асып түсті.

ІЖӨ – көпшілікке таныс аббревиатура және ол елдегі өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің барлығының жалпы құнын білдіреді. Жалпы алғанда Қазақстанның экономикасы сервистік, яғни ІЖӨ-нің басым бөлігі өндірілген тауарларға қарағанда көрсетілген қызметтерді қамтамасыз етеді. Біз күнделікті пайдаланатын қызметтер экономиканың 57%-ын құрайды: сауда, көлік, байланыс, қаржы, білім беру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, денсаулық сақтау және т.б. Тауар өндірісі біздің экономикамыздың 36%-ын құрайды және негізінен үлесі 27%-ға жететін өнеркәсіптен тұрады.

Қазақстанның ІЖӨ құрылымының 2014 – 2025 жылдардағы 9 айдағы серпіні, %

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанның ІЖӨ-сі өткен жылдары кестеде көрсетілгендей, жылына шамамен 3%-ға өсті. Ал 2023 жылы нақты өсім 5,1%-ды, 2024 жылы – 5%-ды құрады, ал 2025 жылғы 10 айда 6,4%-ға жетті. Бұл көрсеткіштен 2025 жыл ел экономикасы үшін ерекше жыл болғанын көріп отырмыз. Соңғы рет экономиканың өсу қарқыны 2011 жылы өте жоғары болды, ол кезде мұнай бағасының бір бөшке үшін 120 АҚШ долларына дейін қалпына келуі жағдайында 7,5%-ға жетті. Енді мұнай 65 АҚШ доллары ғана тұрады, бірақ экономика айтарлықтай өсті, бұл бірқатар фактор мен түсіндіріледі.

Қазақстанның ІЖӨ-нің 2014 – 2025 жылдардағы жылдық өсу қарқынының серпіні, ж/ж %

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы

Егер салалар бойынша статистикаға қарайтын болсақ, онда экономиканың өсуі мұнай салаларынан басқа салалармен қамтамасыз етілетінін көруге болады. Мысалы, 2025 жылғы 10 айда көлік саласы жылына 21%-ға, құрылыс 15,1%-ға, ал сауда 9%-ға өсті. Тауарлар өндірісі жылдам өсуде – ж/ж 8,2%-ға, ал қызметтер 5,3%-ға артты.

2025 жылғы 10 айда экономиканың жекелеген салаларының өсу қарқыны

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы

Дегенмен өсімге өнеркәсіп үлкен үлес қосып, ол 7,3%-ға өсті және экономиканың жалпы өсімінің үштен бірін қамтамасыз етті. Машина жасау 11,5%-ға, автомобиль жасау 13,3%-ға, химия өнеркәсібі 10,9%-ға, ал азық-түлік өндірісі 9,1%-ға өсті. Жалпы, мұның барлығы түрлі ірі жобаларды іске қосудың арқасында мүмкін болды. Мысалы, мамыр айында химия өнеркәсібінде 49 жоба жүзеге асырылуда, ал жалпы өнеркәсіпте 2025 жылы 190 индустриялық жоба іске қосылады. 2025 жылы іске қосылған ірі кәсіпорындардың қатарында Қостанай облысындағы Kia автокөлік шығаратын зауыт пен Алматыдағы Changan, Haval, Chery мультибренд зауыты бар.

2025 жылғы 10 айда Қазақстан өнеркәсібінің жекелеген салаларының өсуі:

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 9,6%

Көмір өндіру – 9,6%

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру – 13,9%

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

9,6%

Көмір өндіру

9,6%

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру

13,9%

 

 

Өңдеу өнеркәсібі

5,8%

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықөндірісі

49,6%

Темекі өнімдерін өндіру

20,9%

Электр жабдықтарын өндіру

17,3%

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14,2%

Дайын металл бұйымдарын өндіру

14,1%

Автомобилдер, тіркемелер және жартылай тіркемелерөндіру

13,3%

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

10,9%

Тамақ өнімдерін өндіру

9,1%

 

 

Өнеркәсіп, жиыны

7,3%

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы

Дегенмен, дәстүрлі тау-кен өндіру кешені ж/ж 9,6%-ға жақсы өсім көрсетіп отыр. Әсіресе, металдар өндірісі (2025 жылдың 10 айында +14,1% ж/ж) жақсы өсуде, оларды кеннен алынғаннан кейін тауарлық түрге дейін өңдеу қажет. Мұнай саласында Теңіз кен орнында кеңейту жобасын іске қосу соңғы көп жылдардағы басты жаңалықтардың біріне айналды. Мұнайдың жылдық өндірісі 28 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін артады деп жоспарлануда, бұл жоба акционерлері үшін, оның ішінде ҚазМұнайГаз үшін де одан да көп пайда әкелмек.

ІЖӨ өсімінің жеделдеуі аясында мынадай компанияларға назар аударылуы тиіс

Жалпы алғанда акциялардың барлығы кірістерді ұлғайту арқылы ІЖӨ өсуінен мультипликативті оң әсер алады. Бірақ бүкіл экономикаға қарағанда әлдеқайда жоғары өсімді көрсететін салаларда жұмыс істейтін жекелеген акцияларды атап өту керек.

1. Көлік

Air Astana – Қазақстанның ұшақтар паркі қарқынды өсіп келе жатқан және өзіндік құны ең төмен жетекші әуе тасымалдаушысы. Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау соңғы жылдары белсенді өсіп, көлік саласындағы ІЖӨ үлесінің өсуінің басты факторларының қатарына кіреді. Өсу әлеуеті – 20%.

ҚТЖ ықтимал IPO-сы – Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы IPO арқылы жекешелендіруге жақын үміткер болып табылады. Жүк тасымалы Қазақстанда белсенді түрде өсуде, бұл көлік секторындағы ІЖӨ өсуіне де өз үлесін қосты. 2025 жылғы 8 айда ішкі жүк тасымалы 2%-ға, экспорттық жүк тасымалы 8%-ға, ал транзиттік жүк тасымалы 10%-ға өсті. Нәтижесінде компания осы кезеңде 204 млн тонна жүк тасымалдады.

2. Сауда

Kaspi.kz – қаржы технологиялы компания, ол тек банк қана емес, сондай-ақ елдің сауда секторына да ірі қатысушы болып табылады. Соңғы жылдары экономикалық статистикада сауданың өсуі, оның ішінде Kaspi.kz маркетплейсінде сатылған тауарлар көлемінің ұлғаюы аясында орын алады. Оның үстіне жалпы алғанда қаржы секторы әдетте экономиканың өсуінің басты бенефициарларының бірі болып табылады. Өсу әлеуеті – 34%.

3. Тау-кен өнеркәсібі

ҚазМұнайГаз – мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, түсім мен EBITDA бойынша тұрақты нәтижелер көрсететін тігінен интеграцияланған мұнай-газ ұлттық компаниясы. Теңіз кен орнында мұнай өндіруді ұлғайтудың басты бенефициарларының бірі. Өсу әлеуеті – 3%.

Solidcore Resources – Қазақстанның ресурстық базасы күшті екінші ірі алтын өндірушісі. Ертіс ТМК құрылысы басталды, онда алтыннан жасалған концентратты қайта өңдеу және тауарлы алтын құймаларын өндіру жоспарлануда. Өсу әлеуеті – 30%.


Жалпы алғанда, Қазақстан экономикасы соңғы жылдары қарқынды өсуде, бұл инвесторлар үшін оң белгі болып табылады, өйткені мұндай көрсеткіш қалай болғанда да жария компанияларды қоса алғанда, бизнес табыстарына оң әсерін тигізеді. Экономиканың жекелеген секторларының даму процесін білу табысты инвестициялар үшін негізгі факторға айналуы мүмкін, сондықтан нарыққа қатысушылардың барлығы осындай статистиканы қадағалағандары жөн.

TSARKA қолдауымен