Қазақстандағы IT нарығына шолу: ең жоғары жалақы қайда және Алматы мен Астанада кадрларға сұраныс артуда

Қазақстандағы IT нарығына шолу: ең жоғары жалақы қайда және Алматы мен Астанада кадрларға сұраныс артуда

hh.kz платформасының деректері бойыншаҚазақстанда 2024–2025 жылдары ақпараттық технологиялар саласындағы еңбек нарығы оңдинамика көрсетуде. Жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де белсенділігін арттыруда: бос вакансиялар мен түйіндемелер саны көбейіп, жалақыға қойылатын талаптар мен ұсыныстар өсуін жалғастыруда. Әр жылдың бірінші тоқсаны (Q1) деректері негізінде толық талдау ұсынамыз.

hh.kz-те барлық жұмыс іздеушілер арасында IT-мамандар мен вакансиялардың өсімі

2025 жылғы I тоқсанда 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда «Ақпараттық технологиялар» саласындағы түйіндемелер саны 19,4 % өсті.

Сол кезеңде «Ақпараттық технологиялар»саласындағы бос жұмыс орындарының саны 27,2 % өсті.

Жұмыс тәжірибесіне қарай түйіндемелер бойынша күтілетін медианалық жалақы* (теңгеде)

* Медианалық жалақы орташа табыстан гөрі нақтырақ көрсеткіш болып табылады, себебі ол өте жоғары немесе өтетөмен жалақылардан туындайтын мәліметтердің бұрмалануынан сақтайды және дәл орталық мәнді көрсетеді

2025 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс тәжірибесі бойынша көпшілігі үшін күтілетін жалақы өсті. 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ең үлкен – 7,1 % өсіммен 3-тен 6 жылға дейінгі тәжірибесі бар мамандардың медианалық жалақысы 398 377 теңгені құрады. 6 жылдан астам тәжірибесі бар (0,7 %) және 1–3 жыл тәжірибесі бар (0,1 %) кандидаттарда аздап өсу тіркелді. Жаңа бастаған мамандарда (1 жылдан аз тәжірибе) медианалық күтілетін жалақы 3,8 % төмендеп, 207 711 теңгені құрады. Ең тәжірибелі жұмыс іздеушілерде (6 жылдан артық) 0,7 % өсім болды, күтілетін медианалық жалақы 508 442 теңгені құрады.


* Медианалық жалақы орташа табыстан гөрі объективті көрсеткіш болып табылады, себебі ол өте жоғары немесе өтетөмен жалақылардан туындайтын мәліметтердің бұрмалануын болдырмайды және дәл орталық мәнді көрсетеді.

 2025 жылдың бірінші тоқсанында тәжірибе деңгейі бойынша барлық топтарда ұсынылған жалақылар өсті. Ең үлкен өсу тәжірибесі жоқ вакансияларда байқалды — 13,2 %, ұсынылған жалақы 228 154 теңгені құрады. 3 жылға дейінгі тәжірибесі бар мамандарда өсім 7,9 %, 6 жылға дейінгі мамандарда 7,5 %, ал ең тәжірибелі (6 жылдан астам) мамандарда 9,7 % болды, ұсынылған медианалық жалақы 782 639 теңгеге жетті.

2025 жылдың бірінші тоқсанында hh.kz сайтында ең көп түйіндеме әлі де Алматы қаласының жұмыс іздеушілерінен орналастырылды — қаланың үлесі 46,8 %-дан 48,0 %-ға өсті. Астана екінші орында қалып отыр, үлесі аздап төмендеп, 26,5 %-ды құрады. Қалған қалалардың үлесі айтарлықтай төмен: Қарағандыға — 4,0 %, Шымкентке — 3,8 %, Атырауға — 2,7 % келеді. Көптеген өңірлерде белсенділік тұрақты немесе сәл төмендеген, ал тек Таразда үлес аздап өсті (1,1 %-дан 1,2 %-ға).

2025 жылғы бірінші тоқсанда hh.kz платформасында вакансиялардың басым көпшілігі Алматы қаласының жұмыс берушілерінен орналастырылып, үлесі 49,1 % болды, бұл 2024 жылғы 50,8 % көрсеткішінен төмен. Ал Астана, керісінше, өз үлесін 26,9 %-дан 29,3 %-ға ұлғайтты. Қарағандыда (4,2 %-ға дейін) және Шымкентте (4,0 %-ға дейін) белсенділіктің аздап өсуі байқалады. Кейбір қалаларда үлестің төмендеуі байқалды: Өскеменде (2,4 %-дан 1,8 %-ға), Атырау, Павлодар, Ақтөбе және Петропавлда. Ең төменгі белсенділікті әлі де Қызылорда (0,4 %) және Тараз (0,6 %) қалалары көрсетуде.

IT-мамандар арасындағы еңбек нарығындағы бәсекелестік жоғары деңгейде қалып отыр

«Ақпараттық технологиялар» саласындағы жұмыс іздеушілер арасындағы бәсекелестік жоғары деңгейде сақталуда: 2024 жылдың I тоқсанында бір вакансияға орташа 9,4 түйіндеме, 2025 жылдың I тоқсанында — 8,8 түйіндеме түсті. Аталған кәсіби саладағы бәсекелестіктің сәл төмендеуі вакансиялар санының түйіндемелер санына қарағанда сәл жылдам өсуімен түсіндіріледі. Айырмашылық үлкен емес, бірақ ол жұмыс берушілердің IT-мамандарға сұранысы жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін жаңарту немесе еңбек нарығына шығу қарқынынан сәл жоғары екенін білдіреді, бұл уақытша бәсекелестіктің азаюына әсер етеді.

Индекс мәндері:

• 1,9-дан аз немесе тең — үміткерлердің қатаң тапшылығы

• 2,0–3,9 — жұмыс іздеушілер тапшылығы

• 4,0–7,9 — жұмыс орындарына қатысты бәсекелестіктің орташа деңгейі, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің салауатты арақатынасы

• 8,0–11,9 — жұмыс орындары үшін жұмыс іздеушілер арасындағы жоғары бәсекелестік, жұмыс берушілер нарығы

• 12-ге тең немесе одан жоғары — жұмыс орындары үшін іздеушілер арасындағы аса жоғары бәсеке

IT-мамандар арасындағы бәсеке бағыттарына қарай өзгереді:

Ең көп түйіндеме аналитика бөлімінің жетекшісі, гейм-дизайнер және техникалық жазушы лауазымдарына келеді — бұл кандидаттардың стратегиялық және шығармашылық позицияларға жоғары қызығушылығын білдіреді. Сонымен бірге, ең төменгі бәсекелестік методологтар, техникалық қолдау мамандары және дизайнерлер арасында байқалады.

TSARKA қолдауымен