Қазақстандағы шағын және орта бизнес қалай дамып жатыр?

Қазақстандағы шағын және орта бизнес қалай дамып жатыр?

QazTech "Шағын және орта бизнесті дамыту мен жұмыспен қамтамасыз етудегі отандық цифрлық платформалардың рөлі, маңғыздылығы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Астана – QazTech технологиялық компаниялар альянсы Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуда цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, озық тәсілдерді енгізуге арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға жетекші экономистер, Сауда министрлігінің өкілдері, «Атамекен» ҰКП және электрондық коммерция мен бөлшек саудадағы шағын және орта бизнестің платформаларының өкілдері: «Magnum Cash&Carry», Sulpak, Kaspi.kz, Flip.kz, Chocofood.kz, Clever.kz, Office Expert, Marwin.kz, Intertop, JMart және басқалар қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар Қазақстан соңғы жылдары әлемдік трендтерді қадағалай отырып, электронды коммерция саласында өте жақсы нәтижелер көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Бүгінде әрбір сегізінші сатып алу (12,5%) онлайн режимінде жүзеге асырылады, ал электронды коммерция екі жыл сайын екі есе өседі. Қазіргі өсу қарқынын ескере отырып, Қазақстан алдағы үш жылда орташа әлемдік көрсеткішке жетеді.

2021 жылдан бастап бөлшек сауданы цифрландыруда белсенді өсу байқалды, осыған ұқсас динамика басқа да тұтынушылық қызметтерде көріге болады. QazTech компаниясының алдын ала бағалауы бойынша цифрлы негізіндегі тұтынушылық қызметтер ел экономикасына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Тұтынушылық қызметтерді цифрландыру әсерінің үш негізгі аспектісі:

1. Экономикалық өсімге қосатын үлесі: Мұнай секторын, құрылыс пен металлургияны қоса алғанда, тұтынушылық қызмет көрсету саласы экономикалық өсудің жетекші саласына айналды. Соңғы үш жылда Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімі 11 триллион теңгеге (2022 жылғы бағамен) өсті, оның 43 пайызы немесе 4,8 триллион теңгесі тұрмыстық қызмет көрсету саласына тиесілі.

2. Жұмыс орындарын құру: Тұтыну қызметтері жаңа жұмыс орындарының негізгі көзіне айналды. Соңғы үш жылда жұмысшылар саны 350 мың адамға өсті, оның ішінде 200 мыңға жуық жұмыс орны халыққа қызмет көрсету саласында құрылған. Мемлекеттік секторларда тағы 170 мың жұмыс орны пайда болды.

3. Көлеңкелі экономиканы қысқарту: Соңғы үш жылда, бұрын жиырма жыл ішінде айтарлықтай ілгерілеушілік байқалмаған, көлеңкелі экономиканы қысқарту бойынша  өзгерістер байқалады. Бақылаусыз секторында Тұрмыстық қызмет көрсету үлесі 2017 жылғы 54%-дан 2023 жылы 22%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық статистика басқармасы. Бұл жалпы көлеңкелі экономиканың 29%-дан 18%-ға дейін төмендеуіне әкелді. Көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейіне ие болған халыққа қызмет көрсету секторы алғаш рет ЖІӨ-нің барлық секторлары бойынша орташа мәнге жетті.

 « Макродеңгейде біз Қазақстанның экономикалық өсуі үшін цифрлық платформалардың маңыздылығын атап көрсететін елеулі оң өзгерістерді байқаймыз. Халықтың тығыздығының төмендігі және үлкен қашықтық жағдайында цифрлық платформалар шағын бизнесті дамыту үшін сирек кездесетін құралдардың бірі және Қазақстанның жаңа шикізаттық емес өсу моделіне көшуіне көмектесе алады», - деп атап өтті негізгі QazTech аналитигі АЛЕКСАНДЕР ДАУРАНОВ .

«Қазіргі уақытта цифрлық платформалар мен электрондық коммерция шағын және орта бизнесті түбегейлі өзгертуде, жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл табысты 30-50% арттыруға, шығындарды азайтуға және жеткізу географиясын кеңейту мүмкіндегін береді деп болэжауға болады. Қазақстандық бизнес үшін бұл дәстүрлі шектеулерден өтуге, ұлттық және халықаралық деңгейлерде кеңеюге бірегей мүмкіндік екенін атап өту керек. Мұндай даму макро- және микробизнестің позициясын нығайтады», - деп Clever.kz өкілі ЖАННА СЫЗДЫҚОВА пікірін білдірді.

 Алайда атап өтетін елеулі тәуекелдер бар: шетелдік интернет-дүкендердің экспансиясы қазақстандық шағын және орта бизнесті тең емес жағдайға қойып, олардың дамуына қауіп төндіреді. Шетелдік интернет-дүкендер тауарларды басқа елдерден тікелей сатып алып, әрбір сатылған тауардан аз салық төлеп, экономика үшін ішкі құндылық жасамайды. Бұл  дегеніміз 1 миллионнан астам жұмыс орнына қауіп төндіреді.

 Дөңгелек үстел барысында қатысушылар маркетплейстердегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, отандық шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты тәуекелдер бойынша пікірлерін білдірді.

1. Сыртқы нарықтарға нақты талаптар қою қажеттілігі.

Нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін Қазақстанда жұмыс істейтін сыртқы нарықтарға нақты талаптарды әзірлеу ұсынылады.

«Біз, отандық ойыншылар ретінде, қиын жағдайдамыз, өйткені біздің цифрлық экономика нарығы әлі толық қалыптаспаған және халықаралық стандарттардан айтарлықтай артта қалуда. Бір жағынан, егер біз нарықты ірі халықаралық ойыншыларға ашсақ, бұл біздің бәсекеге қабілеттілігімізге айтарлықтай нұқсан келтіруі мүмкін. Әсіресе бұл қытайлық компаниялар тарапынан қауіпке қатысты. Мен сондай-ақ Ресей мен Қырғызстан сияқты көрші елдерде нарықты ашатын реттеу жағынан өзгерістер болып жатқанын атап өткім келеді. Бұл мүмкіндік терезесін ашады, бірақ егер біз осы сәтті жіберіп алсақ, кәсіпкерлер зардабын шегеді. Әлеуметтік проблемалар туындауы да мүмкін. Электрондық коммерцияның дамуы тек ірі ойыншылар мен қызмет көрсету сапасына ғана емес, осы секторға инвестиция салатын шағын және орта бизнестің белсенді қатысуына да байланысты екенін ескеру маңызды», - деді Сауда желілері одағы төрағасының орынбасары ЕРЛАН ЖАЙЛАУБАЙ

2. Қытайдан келетін өнімдерді субсидиялауға байланысты демпинг қаупі. Қатысушылар ірі шетелдік ойыншылар өз мемлекетінен субсидиялар алатынын, ал цифрлық платформалар комиссиялық алымдарды айтарлықтай төмендететінін атап өтті. Бұл қазақстандық платформалар мен өндірушілерді ішкі нарықтан ығыстыру қаупін тудырады, бұл мұқият талдауды және жергілікті қатысушыларды қорғау шараларын әзірлеуді талап етеді.

« Біз демпинг мәселесімен, сондай-ақ шетелдік тауарларды субсидиялап жатқанын болжап отырмыз. Физикалық тұлғалар олардың маркетплейстерінде өнім сатып алған кезде, отандық өндірушілерді қорғау үшін қорғаушы баж салығын енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Осындай  қиындықтар Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ алдында да тұр," — - деп атап өтті нарық қатысушысы .

« Біз негізінен өнімді Қазақстанның жергілікті өндірушілерінен және бір бөлігін Ресейден сатып аламыз. Біздің өнімдеріміз үшін біз жеткізушілерден барлық қажетті сертификаттарды ұсынуды және белгіленген стандарттарды сақтауды талап етеміз. Сонымен қатар, біз барлық салықтарды төлейміз. Ал, демпингпен айналысатын компаниялар көбінесе салық төлеуден жалтарады, сертификаттаудан өтпейді және реттеуші талаптарын сақтамайды. Бұл әділетсіз бәсекелестік тудырады және бізді тиімсіз жағдайға қояды, біздің бәсекеге қабілеттілігімізге және тіпті бизнестің өміршендігіне қауіп төндіреді. Біз тек онлайн-саудамен айналысамыз, және мұндай жағдай күрделі қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін», – деп атап өтті High Tech Way жиһаз дүкенінің бас директоры ЕГОР ЯЛБАЧЕВ.

 3. Маркетплейстердегі контрафактілік өнімдерге міндетті сертификаттау мен бақылаудың жоқтығы . Нарық алаңдарында сатушыларға өнімді сертификаттау деректерін міндетті түрде ұсыну талаптарын күшейту қажеттігі талқыланды. Қатысушылар әртүрлі платформалар арасындағы талаптардың айырмашылығы контрафактілік өнімдерді әкелуге жағдай туғызатынын, бұл отандық нарыққа деген сенімді әлсірететінін атап өтті..

« Маркетплейстерде өнімнің сапасы мен түпнұсқалығын растау жағдайы қанағаттанарлықсыз . Біз платформаларда LG және Samsung сияқты танымал брендтердің сертификатталмаған, көбінесе контрафактілік және жалған өнімдері сатылып жатқанын көреміз, бұл тұтынушыларды алдау, және заңды сақтайтын, салық төлейтін, жұмыс орындарын беретін ресми өнімдерді сатушылар үшін тең емес бәсекелестік жағдайын жасайды. Сертификаттау мәселесі, әсіресе, қауіпсіздік стандарттарын қажет ететін өнімдерге қатысты өте маңызды. Бұл заңнамадағы олқылықтарды көрсетеді, оларды тез арада түзету және шешу қажет," — деді өз сөзінде Sulpak электроника дүкендері желісінің бас директоры ДМИТРИЙ ПРОВКИН.

4. Заманауи қойма орындарының тапшылығы. Логистиканың тиімділігін қамтамасыз ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымы бар заманауи қойма орындарын құру қажеттілігі атап өтілді.

"Жергілікті ойыншылар мен маркетплейстерді қолдау үшін қойма инфрақұрылымын дамыту маңызды, ол Қазақстанда әлі де жеткіліксіз. Кейбір шетелдік компаниялар қазірдің өзінде мемлекеттік жеңілдіктер алып, белсенді дамып келеді. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қоймаларға арналған жерлерді субсидиялау және көлік тораптарына жақын орналасқан жерлерді бөлу жағдайларын жасау қажет", — деді Office Expert басшысы РУСЛАН МУКАШЕВ.

 5.  Жеке тұтыну үшін әкелінетін тауарларға, оның ішінде фитосанитариялық-санитариялық тауарларға арналған стандарттарды сақтаудағы теңсіздік. Өнімді ресми жеткізушілер фитосанитарлық және санитарлық нормаларды сақтауға міндетті екені, жеке тұтыну үшін әкелінетін тауарлардың мұндай тексеруден өтпейтіні айтылды. Бұл экономикалық қызметте арбитраждық мүмкіндіктер туғызады және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

« Кейбір үй жануарларына арналған өнімдерді, азық-түлік өнімдерін және қоспаларды ресми түрде әкелу үшін көптеген тексерулерден өтіп, фитосанитарлық және ветеринарлық рұқсаттар алу қажет. Сонымен қатар, мұндай тауарлар Қытай маркетплейстерінен ешқандай шектеусіз жеткізіледі жеткізу мерзімі, сонымен қатар жергілікті жеткізушілер үшін тең емес жағдай туғызады», - дейді Flip.kz интернет-дүкенінің операциялық директоры Юлия Сидоренко.

 6. Қаржы технологиялары мен бөліп төлеудің онлайн-бизнеске әсері. Бөліп төлеудің маңыздылығы және финтехтің онлайн-бизнестің дамуына рөлі талқыланды. Kaspi маркетплейсімен сәтті ынтымақтастық құрған бизнесмен өз тәжірибесімен бөлісті. Ол жеткізу мен клиенттерді авторизациялауда артықшылықтар ұсынды. Қатысушылар финтехтің одан әрі дамуының онлайн-бизнестің өсуінің негізі ретінде қажеттілігін атап өтті.

«Біз маркетплейспен сәтті ынтымақтастық орнаттық, ол бізге матрастар мен керуеттерді жеткізу үшін қосымша ірі көлемді машиналарды ұсынды. Сондай-ақ, логистиканы жеңілдету, клиенттерді авторизациялауда тәуекелдерді азайту ұшін өте тиімді шарт болды. Бұл тәжірибе финтех шешімдерінің онлайн-бизнесті дамытудағы қаншалықты маңызды», — деді High Tech Way жиһаз дүкенінің бас директоры ЕГОР ЯЛБАЧЕВ

Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақстандық шағын және орта бизнесті Қазақстанда тауарларды салық төлемей және жұмыс орындарын құрмай сататын шетелдік сауда платформаларымен тең жағдайға қою қажет деп есептейді. Кедендік бажсыз әкелу және басқа да артықшылықтарды пайдалана отырып, шетелдік компаниялар әділетсіз бәсекелестік артықшылықтарына ие болып, отандық кәсіпкерлерге зиян келтіруде.

Қазақстандық технологиялық бизнес оның дамуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және жергілікті компаниялардың нарықтан ығыстырылуына жол бермеу үшін қорғау мен қолдау шаралары қажет деп есептейді.

 Жоғарыда айтылған мәселелерді тиімді шешу үшін QazTech алдына келесі мақсаттарды қояды:

Алдағы уақытта қолға алынатын шаралар мен қызметтің басым бағыттары:

1. Шетелдік маркетплейстердің қызметін реттеуді жақсарту және демпингке қарсы күрес:

QazTech Альянсы жаңа құрылған комитет арқылы Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік маркетплейстерге арналған нақты ережелерді әзірлеуге ықпал етіп, нарықтағы барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау және отандық компаниялардың мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс істейтін болады. Шетелдік цифрлық платформалар мен жеткізушілер тарапынан болуы мүмкін әділетсіз нарықтық әрекеттерге талдау жүргізіліп, соның нәтижесінде әділ бәсекелестікті сақтау үшін антидемпингтік шараларды әзірлеу және оларды іске асыру бойынша ұсыныстар жасалады.

2.  Стандарттарды әзірлеу және талаптарды біріздендіру, контрафактілік өнімдерге қарсы күрес:

Комитет барлық маркетплейстердегі сатушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды, оның ішінде өнімнің сертификаттау деректерін міндетті түрде ұсынуды әзірлеу және енгізуге ықпал етеді. Бұл платформалар арасындағы талаптардағы айырмашылықтарды жоюға және онлайн-саудаға деген тұтынушылардың сенімін арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, контрафактілік өнімдерге қарсы күрес шаралары, соның ішінде бақылау мен тексеруді күшейту ұсынылатын болады.

3.Қазақстандық жеткізушілер үшін логистикалық инфрақұрылымды құру және дамыту:

 QazTech Альянсы логистиканы жақсартатын және өнімді тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін дамыған көлік инфрақұрылымы бар заманауи қойма кешендерін құру бойынша қолдау көрсетеді.

4.Қаржы технологияларын дамытуды қолдау:

Маңызды бағыттардың бірі ретінде финтехті дамытуға және тұтынушыларға ыңғайлы құралдарды, мысалы, бөліп төлеуді енгізуге жәрдемдесу. Бұл онлайн-бизнестің одан әрі дамуына және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ықпал етеді.

TSARKA қолдауымен