Қазақстандағы тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы пайдаланушыларға арналған ЖИ-ға жүгінетін чат-ботты іске қосты

Қазақстандағы тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы пайдаланушыларға арналған ЖИ-ға жүгінетін чат-ботты іске қосты

Тауарларды таңбалау және қадағалаудыңбірыңғай операторы Қазақстанда тауарлардытаңбалау және қадағалау жобасы туралы жеделақпарат ұсынатын жаңа чат-ботты таныстырды. Чат-бот оператормен, жүйемен өзара әрекеттесудіжылдамдатады, процесті мүмкіндігінше ыңғайлыетеді және мына мәселелерді шешуге көмектесе алады:

• Жүйеде тіркеуден бастап, жабдықтың техникалықсипаттамаларына және нормативтік ақпаратқадейінгі аралықтағы таңбалау процесіне қатыстыжиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге;

• Техникалық мәселелер бойынша кеңес беруге, мысалы: цифрлық кодтарға тапсырыс беру, құжаттарды қалыптастыру және жүйелердібіріктіру;

• Таңбалау заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдық туралы ақпараттыпайдаланушылармен бөлісуге;

Чат-бот қолжетімді IT-технологиялар негізіндежұмыс істейді, бұл пайдаланушыларға жан-жақтыақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінде ЖИ құралдары миллиондаған адамдардың өмірініңажырамас бөлігіне айналып, жұмыстапсырмаларын жеңіл әрі қолжетімді етіп отыр.

«Біз тұтынушылармен және стейкхолдерлерменөзара әрекеттесу жылдамдығы мен сапасыбасымдыққа ие екенін түсінеміз. Чат-бот ЖИ шешімдері арқылы процестерді жеңілдетуге жәнетезірек шешуге көмектеседі», – деп атап өтті тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының R&D директоры АсылҚұлмағамбетов.

Чат-бот әзірлеу бірыңғай оператордыңтехнологияларды тиімді қолдануға және нарықтыңбарлық қатысушылары үшін өзара әрекеттесудіжеңілдетуге деген ұмтылысын растайды.

Чат-бот тәулік бойы қолжетімді және Telegram платформасында пайдаланушылардың сұрақтарынажауап беруге дайын. Чат-ботпен жұмыс істеу үшінсілтемеге өту қажет. https://t.me/markaskbot

TSARKA қолдауымен