Қазақстандақтықтардың 2025 топ фильмдері мен сериалдары

Қазақстандақтықтардың 2025 топ фильмдері мен сериалдары

Халықаралық стримингтік сервис MEGOGO 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына қорытынды жасап, қазақстандықтар ең көп таңдаған контенттің тізімін жариялады. Нәтижелерге сүйенсек, көрермендер әлі де болса экшн, шытырман оқиғалар мен уақыт сынынан өткен классиканы жоғары бағалайды.

Алты ай ішінде көрермендер экран алдында мыңдаған сағат өткізіп, Голливудтың жарқын хиттерінен бастап бүкіл отбасыға арналған анимациялық блокбастерлерге дейінгі түрлі жанрдағы фильмдерді таңдады.

Фильмдердің ТОП-10 тізімі көру ұзақтығы бойынша жасалған.

ТОП-10 фильм: драйв пен сүйікті франшизалар көш басында

Қазақстандық көрермендер дәстүрлі түрде динамикасы жоғары фильмдерді таңдайды. Көш басында — заманауи боевиктер, фантастикалық жанрлар мен культтік франшизалар. Джейсон Стэйтем түскен «Пчеловод»фильмі үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Гарри Поттер әлемінің барлық бөлімдері, Жаңа жыл қарсаңында көрілетін классикаға айналған «Үйде жалғыз қалғанда» және Marvel суперқаһармандарына арналған блокбастерлер ТОП-қа енді. Отандық «Брат или брак 3» комедиясы да үздіктер қатарынан көрінді.

ТОП-10:

  • Пчеловод
  • Гарри Поттер (барлық бөлімдері)
  • Брат или брак 3
  • Аватар
  • Кек алушылар: Финал
  • Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте адасып
  • Үйде жалғыз қалғанда
  • Кек алушылар: Шексіздік соғысы
  • Бордерлендс 
  • Пусан пойызы 2: Жарты арал

ТОП-10 сериал: классика, зомбилер және тақ үшін күрес

Сериалдар рейтингінде «Тақтар ойыны» (Game of Thrones) сөзсіз көш бастады. Одан кейінгі орындарда — «Одни из нас»  және «Айдаһар үйі» (House of the Dragon). Сонымен қатар, көрермендер «Пуаро» мен «Сопрано» сияқты культтік классикаларды тамашалаудан да бас тартпаған. Ал корейлік «Шынайы сұлулық» дорамасы K-драмалардың танымалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

ТОП-10 сериал:

  • Тақтар ойыны
  • Пуаро
  • Одни из нас
  • Ходячие мертвецы
  • Секс в большом городе
  • Сопрано
  • Ақ лотос
  • Мердоктың тергеулері
  • Айдаһар үйі
  • Шынайы сұлулық


ТОП-10 мультфильм: Disney сиқыры және отбасылық шытырман оқиғалар

Отбасымен көруге арналған контент арасында қазақстандықтар Disney мен Pixar студияларының классикасына жиі жүгінген. «Моана», «Зоотопия» және «Мұзды өлке 2» балалар мен ересектердің сүйікті туындылары ретінде өз танымалдығын сақтап келеді. Сонымен қатар, «Құбыжықтар корпорациясы», «Ойыншықтар хикаясы» және жаңа буынға арналған Hot Wheels: Шытырман оқиғаның бастауы да ТОП-қа енді.

ТОП-10 мультфильм:

  • Моана (Ваяна)
  • Зверополис
  • Құбыжықтар корпорациясы
  • Босс-молокосос
  • Суық жүрек 2
  • Hot Wheels: Шытырман оқиғаның бастауы
  • Ральф интернетке қарсы
  • Ойыншықтар хикаясы: Үлкен қашу
  • Арыстан патша
  • Үй жануарларының құпия өмірі

ТОП-10 қазақстандық фильм: комедия, драма және тарих

Қазақстандық көрермендер отандық киноны белсенді қолдап келеді. 2025 жылдың алғашқы жартысында MEGOGO-да ең көп қаралған фильмдер қатарында халық сүйіп көретін комедиялар, қылмыстық драмалармен тарихи эпос бар.«Брат или брак 3» комедиясы өз позициясын бермей, көш басында тұр. Бұл рейтинг отандық кинематографияның жанрлық әртүрлілігін көрсетіп қана қоймай, жергілікті көрерменнің талғамы да айқын екенін дәлелдейді.

  • Брат или брак 3 (барлық бөлімдер)
  • Красавчики до нашей эры 
  • Дала қасқыры
  • Базар жоқ, Мексика
  • Рэкетир 2
  • Томирис
  • Шала бандиттер
  • Вакцина от коррупции 
  • Аға
  • Донор

Оқырмандар үшін MEGOGO жазылымын 1 айға тегін сыйлаймыз!

Ол үшін MEGOGO30 промокодын қолданыңыз. Осы топтағы фильмдерді тамашалауға немесе көптен бері көргіңіз келіп жүрген киноларды ашуға тамаша мүмкіндік.

Промокод тамыз айының соңына дейін жарамды.

MEGOGO — халықаралық стриминг-сервис, мұнда фильмдер, сериалдар, телехабарлар мен спорт трансляциялары қолжетімді. Сервис Қазақстандағы контент кітапханасын белсенді түрде дамытып, қазақ тілінде дубляж ұсынып, жергілікті мәдени жобаларды қолдайды

TSARKA қолдауымен