Қазақстандық аудиокітаптар цифрлық платформаларда ілгерілетілмек

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық авторлардың әдеби шығармаларына, соның ішінде аудиоформатқа қолжетімділікті кеңейтуді тапсырды.
Оның айтуынша, «е-кітапхана» жүйесінде қазірдің өзінде классикалық және заманауи басылымдар қолжетімді, және оларды орналастыру жұмысын жалғастыру қажет. Алайда, ерекше назар аудиокітаптарға бөлінуі тиіс, өйткені олар күн санап танымал болуда.
«Қазақстандық авторлардың аудиокітаптарын әртүрлі платформаларда және әртүрлі тілдерде жасауға және орналастыруға көңіл бөлу қажет. Осылайша, біз өз әдебиетімізді елімізде ғана емес, шетелде де кеңінен насихаттай аламыз», — деп атап өтті Премьер-министр.