Қазақстандық Gen2B компаниясы көршілес ел үшін алғашқы тілдік моделін әзірледі

Қазақстандық Gen2B технологиялық компаниясы, венчурлік инвестор Бахт Ниязов пен технологиялық кәсіпкер Армен Атаян негізін қалаған стартап, шығыс армян тіліне арналған алғашқы ірі тілдік модель — HyGPT-ті таныстырды. Жоба Арменияның Жасанды интеллект және технологиялар ұлттық орталығымен (NCCAIT) бірлесіп жүзеге асырылған.
HyGPT моделі Gemma 2 архитектурасы негізінде жасалған және 10 миллиард армянша токенде оқытылған. Компанияның мәліметінше, модель аударма, сұрақтарға жауап беру, математикалық логика және нұсқаулықтарды түсіну сияқты тапсырмаларда жоғары дәлдік көрсетіп отыр. Бірқатар армян бенчмарктерінде HyGPT-10b-it өзінен әлдеқайда ірі халықаралық модельдерден озық нәтиже көрсеткен.
Бахт Ниязов, Gen2B теңқұрушысы:
HyGPT тілдік моделі қазірдің өзінде Hugging Face платформасында қолжетімді және білім беру жобаларында, цифрлық өнімдерде, қоғамдық сервистер мен бизнес шешімдерде қолдануға болады.
Бұл Gen2B компаниясының екінші ірі жетістігі: 2024 жылдың соңында олар қазақ тіліндегі Irbis-GPT моделін шығарған болатын. Бүгінде ол 8500-ден астам рет жүктелген. Алдағы мақсат — өзбек тіліне арналған LLM әзірлеу.
Қазақ, армян және басқа шағын тілдерге арналған тілдік модельдер Gen2B клиенттерінің бизнес-процестерінде — сатылымда, қолдау қызметінде және автоматтандыруда — қолданыла бастағанымен, бұл тек бастамасы. Gen2B шешімдерінің негізінде дербес талдау жасап, үйреніп, ұсыныс беретін жасанды интеллекті бар инновациялық платформа жатыр. Компания болашақта AI-First форматындағы бизнес құрылымдарды қалыптастыруды көздейді.
Irbis пен HyGPT модельдері барлық пайдаланушыларға тегін, жеке де, коммерциялық та мақсатта қолдануға рұқсат етілген. Алайда банк, телеком, сақтандыру және қаржы ұйымдары үшін алдын ала Gen2B-мен келісу қажет.