Қазақстандық Яндекс Пайдаланушылары 14 Ақпан Туралы Не Іздейді?

Ғашықтар күні қарсаңында Yandex Qazaqstan пайдаланушылардың іздеу сұраныстарын зерттеп, олардың 14 ақпан мен валентинкалар туралы не сұрайтынын, кімді құттықтағысы келетінін және атауында «махаббат» сөзі бар қандай фильмдерді іздейтінін анықтады.
14 ақпан туралы не білгісі келеді?
Қазақстандық пайдаланушылардың ең танымал сұрақтары – бұл күн қандай мереке және қай күнге сәйкес келеді. Сондай-ақ, олар мерекенің шығу тарихына қызығып, оған дайындалуға тырысады: «14 ақпанда қалай құттықтау керек?» және «Бұл күнді қалай өткізуге болады?» деген сұраныстар жиі кездеседі.

Валентинкалар туралы не сұрайды?
Ең көп қойылатын сұрақтардың ішінде: валентинканы қалай жасауға болады, оған не жазу керек және бұл не екенін түсіндіру бар. Пайдаланушылар сондай-ақ «Валентинка боласың ба?» деген сұрақтың мағынасын білгісі келеді. Сонымен қатар, валентинканы кімге сыйлайтыны және әлемдегі ең алғашқы валентинка қайда сақталғаны туралы сұраныстар да танымал.

Кімді құттықтағысы келеді?
Бұл рейтингте бірінші орында жігіттер тұр – Яндекс Іздеу сұраныстары бойынша, Қазақстанда көбінесе жігіттерді Ғашықтар күнімен құттықтағысы келеді. Екінші орында – қыздар, үшінші және төртінші орындарды тиісінше әйелдер мен күйеулер иеленді.
Атауында «махаббат» сөзі бар қандай фильмдерді іздейді?
Қазақстандықтар арасында ең жиі ізделетін фильм – өткен жылы шыққан «Любовь Советского Союза». Одан кейін «Тор: Любовь и гром» фантастикасы мен «Любви не бывает?» мелодрамасы келеді. Алғашқы ондыққа көпшілікке таныс «Любовь и голуби» мен «Реальная любовь» фильмдері де енген.
Ғашықтар күніне байланысты не іздейді?
Пайдаланушылар Ғашықтар күніне қатысты түрлі контент іздейді. Ең танымал сұраныстар – осы күнге арналған фильмдер, екінші орында – мультфильмдер, үшінші орында – суреттер. Одан кейін ашық хаттар мен мерекенің шығу тарихы туралы ақпарат іздеулер тізімін толықтырады.


Нейродан қызықты деректер
14 ақпан туралы қызықты фактілерді пайдаланушылар Нейро қызметі арқылы да біле алады. Бұл сервис интернеттен қолжетімді ақпараттарды жинақтап, пайдаланушыларға дереккөздерімен бірге ұсынады. Нейроға «Валентинкалар неге жүрек пішінінде?», «Неліктен бадам ағашы Ғашықтар күнінің символы саналады?» және «Бұл мереке неге соншалықты романтикаландырылады?» сияқты сұрақтар жиі қойылады.