Қазақстандық компаниялардың 81%-ы күн сайын CRM жүйесінде AI-көмекшісін пайдаланады
Компаниялар CRM жүйелерінде GPT-технологияларын қаншалықты жиі пайдаланатындығы туралы Битрикс24 Қазақстан онлайн-сервисі мәлімдеді.
Жасанды интеллект бизнес барысын өзгертуде. Қазірдің өзінде нейрондық желілер клиенттер базасын сегменттеп, кері байланысты жақсартты, қоймадағы тауар қалдығын бақылап, қызметкерлерді таңдайды және клиенттерден өтінімдерді қабылдайды. Сонымен қатар көптеген процестерді жылдамырақ орындап, бизнесті тиімдірек және табысты ете түсті.
Битрикс24 Қазақстан аналитикасына сүйенсек, қазіргі таңда компаниялардың 81%-ы CRM жүйесінде жасанды интеллектті айына 15 күннен артық пайдаланады. Дегенмен AI-көмекші әріптестермен бірлесіп жұмыс істеуге арналған корпоративтік порталда әлі де танымал емес. Порталдардың 52%-ы жұмыс құралдарында тұрақты түрде нейрондық желілерді қолданады.
Битрикс24 сервистерінде жасанды интеллект алғаш рет 2023 жылдың қарашасында бірден бірнеше құралдарда іске қосылды, оның ішінде CRM-де бар. CRM-ге орнатылған CoPilot менеджерлерге тұтынушы сұрауларын өңдеуге көмектеседі және қоңыраудан алынған деректерді нысандарға толтырады, мысалы, өнім сипаты мен сатып алу шарттары.
Битрикс24 қызметтеріндегі жасанды интеллектке негізделген CoPilot CRM, Лента, Чаттар, Пошта және Міндеттерде қолжетімді. Соңғы жаңартулардан соң көмекшіге 30 дайын рөл орнатылды, оның ішінде маркетолог, психолог немесе сату директоры бар.
Компания жайлы
Битрикс24 Қазақстан — Қазақстандағы №1 CRM жеткізушісі!*
Битрикс24 – «бір терезе» режимінде бизнесті басқару қызметі.
Құрамына CRM, онлайн кеңсе, міндеттер менеджері, веб-сайт құрастырушы, бұлттық қойма, аналитика, мобильді қосымша және басқа шешімдер кіреді.
*BRIF Research Group компаниясы жүргізген 2021 жылғы CRM нарығын зерттеу нәтижелеріне негізделген.