Қазақстандық мектеп оқушыларының инновациялық әзірлемесі Samsung Electronics пен Red Bull компанияларынан грант жеңіп алды
Тараздық мектеп оқушылары өршіл идеялардың медицина саласында революцияға айналатынын дәлелдеп отыр. Елестетіп көріңізші: мектеп үйірмесінде жиналған жасөспірімдер командасы сал ауруына шалдыққан адамға арбаны басқаруға және телефонды немесе ноутбукты еш қиындықсыз пайдалануға көмектесетін бірегей протез жасап жатыр. Ары ғарай мұны шындыққа айналдырып отырған және Samsung Electronics пен Red Bull компанияларының халықаралық стартап байқауларында жеңіске жеткен жоғары сынып оқушысы Қанат Тәжіханның әңгімесі.
7-сыныпта робототехникаға деген қызығушылығым оянды. Мені өз қолыммен нөлден бастап құнды және маңызды нәрсені жасай алатыным қызықтырды. Бұл мені мектеп үйірмесіне алып келді, онда мен бағдарламалау негіздерін үйрене бастадым. Бірақ барлық жоспарлар пандемияға байланысты бұзылды. Бірнеше апталық сабақтан кейін үйірме жабылып қалды.
Карантин кезінде мен қол қусырып отырғым келмеді және өз бетімше робототехника туралы аз да болса білім алуға бел будым. Мен қажетті тақталар мен жабдықтарға тапсырыс бердім, ескі ноутбукты іске қосып, робототехника әлеміне сүңгідім. YouTube менің ұстазым болды, ал форумдар мен онлайн курстар тәлімгерлерім болды. Бұл өзін-өзі дамытудың қызықты кезеңі болды, нақты құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін түсіндім.
Алғашқы жобалар, жетістіктер және AI-мен жұмыс
Карантин аяқталып, қалыпты өмір қайта оралғанда, мен бұдан да көп нәрсені жасай алатынымды түсіндім. 9-сыныпта өзімнің алғашқы толық жобамды жасадым. Ол күн батареяларының тиімділігін арттыруға арналды. Кемшіліктерді тауып, оларды жою жүйесін ұсындым. Бұл панельдердің өнімділігін арттыруы мүмкін. Бұл жағдай маған жұмыс істеу тетіктері мен принциптерін тереңірек түсінуге көмектесіп қана қоймай, әрі қарай өсуге түрткі болды. Мен бірнеше байқауларда жеңіске жеттім, министрліктің грантын алдым, содан кейін робототехникадағы жолым бұдан да көп нәрсеге айналуы мүмкін екенін түсіндім.
Уақыт өте келе үлкен жобалар үшін менің мүдделеріме ие болатын команда қажет екенін түсіндім. Қалдыбай Барысханмен осылай таныстым. Біз бірге жасанды интеллект арқылы қалдықтарды сұрыптау жүйесін әзірлеп шығардық. Жоба сәтті болып шықты және кейбір сарапшылар тарапынан жоғары баға алды. Онымен бірге біз Samsung Electronics компаниясының Solve for Tomorrow байқауына қатысуды шештік. Осы беделді республикалық стартап байқауы менің көптен бергі арманым еді. Бірақ, өкінішке орай, 2023 жылы іріктеуден өте алмадық. Дегенмен, еңсемізді түсірмей бұл тәжірибені мотивация ретінде қабылдадық.
Umit жобасы: мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инновациялар
Біз күш-жігерімізді әлеуметтік жобаға бағыттауды жөн көрдік. Оған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталыққа бару себеп болды. Мұнда біз азаматтарымыздың күнделікті кездесетін мәселелерін көрдік. Мысалы, олар үшін ең жоғарғы сөрелерден кітап алу қиын болды, тіпті қозғалыс сияқты қарапайым тапсырма да нағыз сынаққа айналды.
Содан кейін біз мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалуына көмектесетін экзоскелет жасау туралы ойладық. Сол кезеңде мен Стивен Хокингпен бірге бейнелерді қарай бастадым, осы тақырып бойынша статистика мен материалдарды зерттедім. Сосын сандық технологиялар нақты шешім бола алатының түсіндім. Бізге тіл арқылы арбаларды басқару жүйесін жасау идеясы келді – бұл нағыз серпіліс болды. Жобаны «Umit» деп атадық және 2024 жылы Solve for Tomorrow байқауын бағындыруға аттандық. Осы ретте жолымыз болды – жартылай финалға өттік!
«Umit» тек біздің шығармашылық жұмысымыздың ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктерін терең талдаудың жемісі болды. Біз CustDev (қажеттіліктерді зерттеу) жүргіздік, нақты пайдаланушылармен сөйлестік және джойстиктердің мүгедектер арбасын басқаруға мүлдем жарамсыз екенін түсіндік. Өйткені сал ауруына шалдыққандардың онымен пайдалануы қиын.
Мұнда біз адам тіліне назар аудардық. Біздің ойымызша, дәл сол джойстикке айналуы керек еді. Шешім ауыз қуысына орналастырылған және Bluetooth пен Wi-Fi арқылы жұмыс істей алатын протез түрінде келді. Ол арнайы датчиктармен және гироскоппен жабдықталған.
Іске асыру процесі қиын болып шықты. Протезді бір уақытта бірнеше құрылғыға бейімдеу үшін бағдарламаны үнемі «жаңартуға» тура келді. Қымбат микрочиптермен жұмыс істеу басты мәселеге айналды. Ылғалдан дұрыс қорғалмағандықтан олар күйіп кетуі мүмкін деп әрқашан қорқатынбыз. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, біз оптимизмді жоғалтпадық.
Нәтижесінде, бәрін қосуға тырыспай, тек ноутбукты басқаруға назар аудару туралы шешім қабылданды. Өйткені, әзірлеменің мүмкіндіктерін көрсету басты міндет болды. Бұл тәсіл бізге протездің прототипін байқаудың финалында сәтті көрсетуге мүмкіндік берді. Samsung Electronics бізге үшінші орын және бір миллион теңге көлемінде грант берді. Бұл жеңіс бізге жобаны аяқтау үшін жаңа күш-жігер берді.
Жаңа қиындықтар мен жетістіктер
Алайда, жарыста табысқа жеткеннен кейін басқа мәселелер туындай бастады. Кейбір топ мүшелері жобадан бас тартып, ұтыстпен өзара бөлісуді ұсынды. Портфолио жинақталғандықтан, университетке түсуге дайындалатын кез келді деп. Бірақ мен бұған қарсы болдым. Мен жоғары оқі орына дайындалуға мүлдем қызықпадым. Менің барлық ойым жоба туралы болды, оған жанымды салдым және оның бойынан үлкен келешекті көрдім.
Біз келесі халықаралық Red Bull Basement жарысына өтінім бердік. Бұл жерде бәсекелестерімізден жоғары тұрдық. Мұның бәрі Solve for Tomorrow-да жинақталған тәжірибенің арқасында. Біз барлық кезеңдерден өтіп, жеңімпаз атандық, бұл Токиоға әлемдік финалға баруға бірегей мүмкіндік берді.
Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біз Umit жобасының келешегі зор екеніне және дүние жүзіндегі жүздеген мың адамдардың өмірін өзгерте алатынына сенімдіміз. Біз үшін маңызды кезең болған Solve for Tomorrow байқауына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, Samsung Electronics компаниясының тәлімгерлері бізге қолдау көрсетуді жалғастыруда және қазір Жапония астанасындағы Red Bull жарысының шешуші кезеңіне дайындалуға көмектесуде. Бұл жолымыздың басы ғана, және біз әлемді барлығына жақсырақ және қолжетімді орынға айналдыру үшін әрі қарай жұмыс істеуге дайынбыз.
Solve for Tomorrow жобасы болашақ IT мамандарыдың фабрикасы болып табылады. Жыл сайын байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған мектеп оқушыларының басын қосады. Мұнда жасөспірімдер ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) көмегімен өзекті әлеуметтік мәселенің шешімдерін ұсынады. Әлеуметтік жоба Samsung Electronics компаниясының басшылығымен Қазақстанда төртінші жыл жүзеге асырылуда. Серіктес – «Аяла» жеке қайырымдылық қоры. Solve for Tomorrow-дің жүлде қоры 10 миллион теңгеден асады. Көшбасшылардың бірі болғыңыз келсе, бізге қосылыңыз.
Samsung Electronics компаниясы туралы
Samsung бүкіл әлемдегі адамдарды шабыттандырадыжәне озық идеялар мен технологиялар арқылыболашақты қалыптастырады. Компания SmartThingsэкожүйесі және серіктестермен ашықынтымақтастықтың арқасында теледидарлар, смартфондар, киілетін құрылғылар, планшеттер, үйтехникалары, желілік жабдықтар, жадылар, LSIжүйелері, құю өндірісі және LED шешімдері туралыәдеттегі түсініктерді өзгертеді және құрылғылардыңбіртұтас өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Байқау туралы толық ақпаратты solvefortomorrow.kz ресми сайтынан алуға болады.