Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылынан бастап жасанды интеллектті оқиды

2025–2026 оқу жылынан бастап Қазақстанда білім беру процесіне жасанды интеллект элементтерін кезең-кезеңімен енгізу басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында хабарлады.
Оның айтуынша, ЖИ интеграциясы алдымен «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады. Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың этикалық стандарттары қазірдің өзінде бекітілген.
Оқушылар үшін Day of AI онлайн-курстары, ал мұғалімдер үшін біліктілікті арттырудың үш деңгейлі курстары дайындалған. Бұл тәсіл халықаралық тәжірибені, мамандардың пікірлерін және қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген.