Қазақстандық пойыздарда Starlink және OneWeb спутниктік интернеті пайда болды

Қазақстандық пойыздарда Starlink және OneWeb спутниктік интернеті пайда болды

Астана – Бурабай бағыты бойынша жүретін пойыздың жолаушылары Starlink интернетіне қол жеткізді. Бұл туралы цифрлық даму министрі Жаслан Мәдіев хабарлады.

Жоба пилоттық форматта іске асырылды. Сынақ нәтижелерінен кейін ЦДИАӨМ интернетті өзге де теміржол бағыттарына енгізу және кеңейту мүмкіндігін қарастырады.

Сонымен қатар, Astana – Алматы және Astana – Өскемен бағыттарында жүретін Talgo пойыздарында OneWeb спутниктік интернетін сынақтан өткізу аяқталды. Министрдің айтуынша, байланыс жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жеткен, ал кідіріс 70 мс-тан аспаған.

Министрлік нақтылағандай, қосылу тек 16 бағытта жүретін Talgo құрамдарында мүмкін болады. 

TSARKA қолдауымен