Қазақстандық стартап EdTech 300 000 доллар инвестиция тартты

Олжас Бектенов цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік органдардың деректерді өңдеу орталығы іске қосылған суперкомпьютерге бейімделіп қайта жабдықталған.
Ұлттық QazTech платформасы цифрлық өнімдерді жедел әзірлеуге арналған. Министрдің айтуынша, платформалық цифрландыру моделін енгізу жаңа ІТ-шешімдерді іске қосу мерзімін 1,5–3 жылдан 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Сол уақытта барлық мемлекеттік органдар Цифрлық трансформация карталарын әзірлеуде. Негізгі назар ескірген рәсімдерді қайта қарауға, деректерді цифрландыруға және азаматтардан e-Otinish, 109 және әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін сұраныстарды ескеруге бағытталған. Карталар аясындағы басымдық — процестерді қайта жобалауға және жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларды енгізуге берілген.
Олжас Бектенов цифрлық трансформация карталарын әзірлеуді бір ай ішінде аяқтауды тапсырды.