Қазақстандықтар 2025 жылдың бірінші тоқсанында қандай мобильді қосымшаларды орнатты

Apple App Store-дың қазақстандық сегментінде барлық қосымшалар арасында сөзсіз көшбасшы — ChatGPT болды. Ал Google Play сегментінде бірінші орынды сенімді түрде Block Blast ойыны иеленді. Netpeak Kazakhstan аналитиктері 2025 жылдың басында қазақстандық пайдаланушылар қандай мобильді қосымшаларды ең жиі жүктегенін зерттеді. Негізгі назар келесі санаттарға аударылды: балаларға арналған, білім беру, қаржы және лайфстайл.

2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда мобильді қосымшалардың басым көпшілігі Android құрылғыларына орнатылған — олардың үлесі жалпы жүктеулердің шамамен 71,5%-ын құрады, ал iOS 28,5%-ын қамтамасыз етті.
Netpeak Kazakhstan деректері бойынша, App Store-да ChatGPT-мен қатар Threads, 2GIS и Temu қосымшалары да тұрақты түрде жоғары позицияда болды. Бұл қосымшалар 2025 жылдың I тоқсанында ай сайын 130 000–150 000 рет жүктелді. Google Play-де Block Blast ойынынан кейін 2GIS қосымшасы тұр — айына шамамен 583 000 жүктеу.
Қаржылық қосымшалар: Freedom SuperApp пен Kaspi.kz
Қаржы сегментінде Қазақстанның мобильді нарығы бірнеше мықты ойыншылар арасында бөлінді. Android экожүйесінде бүкіл тоқсан бойы Freedom SuperApp пен Kaspi.kz арасында бәсекелестік жүрді. Үш айдың қорытындысы бойынша: Freedom SuperApp: 1 219 776 жүктеу, Kaspi.kz: 1 216 012 жүктеу.
Екі көшбасшы арасындағы айырмашылық 0,3%-дан кем болды. Қаңтар мен ақпанда Freedom сенімді түрде көш бастап тұрса, наурызда Kaspi үздік айлық нәтиже көрсетті — шамамен 490 000 жүктеу, бұл осы тоқсандағы категориядағы рекорд. Үшінші орында — Halyk Bank-тің Homebank қосымшасы: үш айда 630 000-нан астам жүктелген.
iOS экожүйесінде жағдай басқаша: мұнда Freedom SuperApp сөзсіз көшбасшы — қаңтар–наурыз аралығында 287 364 жүктеу жинады. Оның басты бәсекелесі Otbasy Bank тоқсанды 168 815 орнатумен аяқтап, сенімді түрде екінші орынды иеленді. Тоқсан қорытындысы бойынша үшінші орынды Halyk Bank қосымшасы иеленді — 93 814 жүктеу.

Қызығы, Android-та абсолютті көшбасшы болған Kaspi.kz App Store-да ТОП-3-ке енбегенімен, "Қаржы" категориясындағы ең жиі жүктелетін он қосымша қатарында тұрақты болды.
Тағам жеткізу: платформалар арасындағы бәсеке
Food & Drink категориясында бүкіл тоқсан бойы Dodo Pizza мен Wolt Delivery қосымшалары арасында бәсеке жүрді. Android-та Wolt сенімді түрде көш бастады — 167 114 жүктеу, ал Dodo Pizza — 162 366. Алайда App Store-да жағдай керісінше: мұнда көшті Dodo бастады — 129 566 орнату, ал Wolt — 121 707 жүктеу көрсетті. Осылайша, әр бренд өзінің "экожүйесінде" жеңіске жетті: Android-та — Wolt, ал iOS-та — Dodo. Android-та үшінші орын — Яндекс Еда (89 189). iOS жүйесінде бұл қосымша төртінші орынды иеленіп, үшінші орынды жергілікті ойыншы — Airba Fresh-ке беріп қойды.

Lifestyle: Pinterest vs. Sajda
2025 жылдың бірінші тоқсанында iOS пен Android платформаларында басты бәсекелестер Pinterest пен исламдық Sajda: Prayer times, Quran қосымшасы болды.
Android экожүйесінде тоқсан көшбасшысы — Pinterest — 344 991 орнату: қаңтарда — 130 952, ақпанда — 116 384, наурызда — 97 655. Алайда наурызда бірінші рет көшбасшылықты Sajda: Muslim Prayer, Azan алып, рекордтық 100 585 жүктеуге жетті — бұл категориядағы айлық ең жоғары нәтиже. Жалпы тоқсан бойы Sajda 243 316 жүктеу жинап, әсіресе 11 наурызда басталған Рамазан айының аясында өсу динамикасын көрсетті.
Android-та үшінші орынды үш ай бойы әзіл-қалжың бағытындағы prank-қосымшалар иеленді: қаңтарда — Prank Video Call (65 215), ақпан мен наурызда — Prank Call – Fake Chat (63 708 және 55 402 жүктеу)
iOS экожүйесінде жағдай өзгеше болды. Мұнда тоқсан қорытындысы бойынша Pinterest көш бастап тұр — 344 991 жүктеу, дегенмен наурызда бірінші орынды Sajda алды. Sajda жақсы өсу көрсетті: қаңтарда — 39 898, наурызда — 56 373, тоқсан қорытындысы — 145 260 орнату. iOS-та үшінші орын: қаңтарда — «Дом с Алисой» (88 382).

Балаларға арналған қосымшалар: YouTube Kids-ке тұрақты қызығушылық
App Store деректері бойынша 5 жасқа дейінгі балаларға арналған қосымшалар арасында көшбасшы — YouTube Kids. Ол үш ай бойы бірінші орынды иеленді: қаңтар — 15 954 жүктеу, ақпан — 15 107, наурыз — 14 144.
Екінші орын — Lingokids – Play and Learn, ай сайынғы көрсеткіші — 8 346–9 282. Үшінші орын ақпан мен наурызда — Beauty Salon Games for Girls (өсу байқалды: 4 676–дан 5 041-ге дейін), қаңтарда — LogicLike (5 528). YouTube Kids Google Play-де де белсенді жүктелуде: қаңтарда — 69 829, наурызда — шамамен 78 мың.
6–8 жас аралығындағы категорияда (App Store) наурызда көшбасшы — шведтік Toca Boca World — 61 695 жүктеу, бұл дамытушы ойындарға деген тұрақты қызығушылықты көрсетеді.
9–11 жастағы топта бірінші орын — I Am Saving — қаржылық-білім беру сервисі (9 569 орнату). Екінші орын — орыс тіліндегі «Грамотей для детей — Диктант» — 3 481 жүктеу, бұл да білім мен өзін-өзі дамыту құралдарына сұранысты растайды.
Education: Duolingo бағыт береді
App Store-де 2025 жылдың бірінші тоқсанында білім беру категориясында көшбасшы — Duolingo — Language Lessons. Ол тұрақты өсім көрсетті: қаңтар — 29 958, ақпан — 26 846, наурыз — 29 065. Екінші орында Toca Boca World — ай сайын 18 мыңнан 23 мыңға дейін жүктеу. Үздік үштікті PDDTest.KZ қосымшасы қорытындылайды — 48 568 жүктеу.
Android-та да Duolingo рейтингтің көшін бастайды — 310 мыннан астам жүктеу. Екінші және үшінші орындарды Bilim Class және Qalan қосымшалары иеленді. Осылайша, Duolingo екі платформада да сөзсіз көшбасшыға айналды.

Карталар мен навигация
Apple App Store-де 2025 жылдың бірінші тоқсанында көшбасшы 2GIS 390 мыңнан астам жүктеумен. Екінші орында — Google Maps, ал үшінші орынды Yandex иеленді.
Google Play экожүйесінде де 2GIS көшбасшы атанды — қаңтар мен наурыз айларында 600 000-нан астам жүктеу тіркелсе, ақпанда шамамен 545 000 жүктеу болды. Екінші және үшінші орындарды App Store-дегі таныс қосымшалар — Yandex Go мен inDrive иеленді (әр айда 200 000–250 000 жүктеу аралығында).

Методология
Қосымшаларды орнату туралы деректер App Store мен Google Play-дің категориялық топтарындағы күнделікті мониторингке негізделген.
Әрбір категорияда қосымшалардың рейтингтегі позициялары бақылауға алынып, олардың динамикасы негізінде болжамды орнату көлемін есептеу үшін модельдер қолданылды.
Бұл бағалаулар нақты көрсеткіштер бола алмайды — олар орнатулар көлемі мен әртүрлі салалардағы нарық белсенділігі туралы жалпы түсінік береді. Бұл әдіс ең белсенді пайдаланушылар бар категорияларды анықтауға және платформалар арасындағы динамиканы салыстыруға мүмкіндік береді.