Қазақстандықтар аптасына неше күн жұмыс істейді?
Битрикс24 осы тақырыпты жіті зерттеп, өз сараптамасын ұсынды. Сонымен, елдегі азаматтар аптасына неше күн жұмыс істейді және олардың жұмысына қандай құралдар көмектеседі?
Инновациялық еңбек құралдары қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруға жаңа дем беріп, жұмыс пен өмір тепе-теңдігін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Пандемиядан кейін кейбір қазақстандық компаниялар қашықтан және гибридті жұмыс форматында қалды. Ал 2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда «төрт күндік» жұмыс кестесі пайда болды.
Битрикс24 Қазақстан бизнесті басқару онлайн сервисінің сарапшылары зерттеу жүргізіп, қазақстандықтар қай уақытта өнімді, олардың өнімділігіне қандай құралдар әсер етеді деген сұрақтарға жауап іздеді.
Осылайша, респонденттердің 38%-ы «төрт күндік» жұмысты таңдаса да, ең оңтайлы жұмыс кестесі бұрынғысынша «бес күндік» (43%) болып саналады. Бұл ретте қазақстандықтар дүйсенбіден сәрсенбіге дейінгі аралықта (60%), таңғы сағаттарда өнімділіктерінің артатынын (42%) көрсеткен.
Сұралғандардың 80%-ы жаз айларында 1-2 сағаттық сиеста (түскі демалыс) жұмыс өнімділігін арттырады деп есептейді.
Жұмыс жүктемесіне келетін болсақ, респонденттердің жартысынан азы өз кестелерінде артық жұмыс уақытын атап өткен (42%). Респонденттердің 25%-ы аптасына 5 сағаттан 8 сағатқа дейін артық жұмыс істейді.
Өнімділікке әсер ететін факторлардың ішінде бірінші орынды (38%) «Ыңғайлы еңбек жағдайы» және «Толыққанды ұйқы» алды. Респонденттердің 58%-ы қысқа мерзімдер олардың өнімділігін «жылдамдату» ықтималы бар екенін айтты.
Ал еңбек тиімділігін арттыратын құралдарға келер болсақ: корпоративтік мессенджерлер мен чаттар - 35%, жоспарлаушылар мен күнтізбелер - 29%, нейрондық желілер - 17%, таск-трекерлер (міндеттерді орнатушылар) - 14% және виртуалды жұмыс кеңістігі (Битрикс24, Miro) - 5%.
Жалпы қорытындыласақ, респонденттердің 56% гибридті және қашықтан жұмыс істейді. Ал жұмысты оңтайландыру үшін олар дәстүрлі құралдарды – мессенджер мен күнтізбелерді пайдаланады. Сонымен қатар сұралғандардың айтарлықтай бөлігі артық жұмыс істемейді, бұл жаңа технологиялар қазақстандықтардың өнімділігін арттырып жатқанын көрсетеді.
Зерттеу Битрикс24 Қазақстан онлайн сервисімен 2024 жылдың 29 шілдесі мен 31 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы 1000 респондент арасында жүргізілді.
TSARKA қолдауымен