Қазақстандықтар өз атына несие рәсімдеуге телефон арқылы тыйым сала алады

Қазақстанда өз атыңызға несие рәсімдеуге тыйым салу мүмкіндігі пайда болды – тек 1414 нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Бұл шара азаматтарды алаяқтық пен заңсыз несие рәсімдеуден қорғауға бағытталған.
Тыйымды белсендіру үшін:
● 1414 нөміріне қоңырау шалу (қоңырау тегін).
● Қазақ немесе орыс тілін таңдау.
● “Несие рәсімдеуге тыйым салу” командасын айту.
● Дауыс белгісінен кейін ЖСН енгізу.
● Әрекетті SMS-код арқылы растау.
Белсендіру аяқталғаннан кейін, сіз рұқсат бермейінше, ешкім сіздің атыңызға несие рәсімдей алмайды.
Қосымша опцияларды да пайдалануға болады:
● Қызметтің статусын тексеру (тыйымның белсенді екенін білу).
● Егер несие рәсімдеу қажет болса, дәл осылай тыйымды алып тастау.
Бұл қызмет “Бірінші несие бюросы” мен “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ бірлесіп әзірлеген. Ол әсіресе интернет пен смартфон пайдаланбайтын, бірақ қаржысын алаяқтардан қорғағысы келетін қазақстандықтарға арналған.