Қазақстандықтар тұрғын үй сертификаттарын eGov.kz порталынан ала алады

Қазақстандықтар тұрғын үй сертификаттарын eGov.kz порталынан ала алады

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты енді тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болды. Бұл онлайн-қызмет тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздеген азаматтарға жаңа мүмкіндік береді.

Сертификат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі. Аталған сертификатты алу құқығына ие азаматтардың санатын және олардың мөлшерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде беріледі:

• Өтініш беруші мен оның тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспауы қажет.

• Орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды.

• 23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар табысты есепке алуда ескеріледі.

Тұрғын үй сертификатын онлайн алу үшін пайдаланушыға келесі қадамдарды орындау қажет:

• eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» - «Тұрғын үй қатынастары» бөлімін таңдау;

«Тұрғын үй сертификаттарын беру» қызметін таңдап, қажетті мәліметтерді толтыру;

• Өтінімді ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы растау;

• Қызмет нәтижесімен https://kezekte.kz/ сайтының Жеке кабинетінде танысуға болады.

Бұл жаңа қызметті ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп іске асырды.

TSARKA қолдауымен