Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 470 миллион доллардан асты
2024 жылдың 9 айында Қазақстан IT-қызметтерді 471 миллион долларға экспорттады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26%-ға жоғары. 2024 жылдың қорытындысы бойынша да жоғары көрсеткіштер күтілуде. Министрліктің болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен 700 миллион долларды құрауы мүмкін.
Қазақстанның IT-экспортының ілгерілеуінде Astana Hub негізгі рөл атқарады. Ондағы резиденттердің саны 1,5 мыңнан астам компанияға жетті, оның ішінде 400-ге жуығы халықаралық компаниялар. 2024 жылы олардың жалпы табысы 620 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде экспорттан түскен табыс 227 миллиард теңгені немесе 479 миллион долларды құрады.
Astana Hub резиденттерінің экспорт географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Сонымен қатар, Astana Hub резиденттерінен бөлек, экспортқа алғаш рет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның GovTech өнімдері шықты. Бұл шешімдер қатарында Smart Data Ukimet, Smart Bridge платформалары және ЕПИР веб-сайттар конструкторы бар.