KazHackStan 2025: өңірдегі басты киберконференция хакерлерді, бизнес өкілдерін және мемлекеттік органдарды біріктіреді

Бұл — осалдық жүйенің ішіне әлдеқашан енген күн. Жүйелер әлі жұмыс істеп тұрғанмен, қорғаныс – жай ғана иллюзия. Алаңдайтын уақыт жоқ: шабуыл — бұл енді «болса» емес, «қашан» деген сұрақ.
Zero Day – жай ғана техникалық ұғым емес. Бұл — нақты қауіп. Мұндай осалдықтар шабуылдаушыларға энергетика, көлік, байланыс сияқты сезімтал жүйелерге байқатпай енуге мүмкіндік береді — мәселе бар екенін ешкім түсініп үлгермей тұрып. Мұндай шабуылдар күтпеген жерден болуы мүмкін, процестерді тоқтатып, бақылауды бұзып, салдарын тастап кетеді. Ең қиыны — алдын ала қорғану мүмкін емес. Себебі әлсіз тұстың қай жерде екенін ешкім білмейді.
KazHackStan — Орталық Азиядағы ең ірі киберқауіпсіздік конференцияларының бірі. 2025 жылы ол жетінші рет өтеді.
Үш күн ішінде платформа цифрлық қауіпсіздіктің барлық маңызды аспектілерін біріктіреді:
Үш тақырыптық күн:
1-КҮН — GOVERNMENT & BUSINESS DAY
Негізгі тақырыптар:
• Мемлекеттік құрылымдарда киберқауіпсіздік саласындағы біліксіздікке мүлдем төзбеушілік;
• Деректердің таралуы, бюджет тапшылығы және қауіпсіздік талаптарының ескерілмеуі;
• Сын-төркіні маңызды ақпараттық инфрақұрылымға (САИИ) жасырын пентесттер;
• Қаржы секторындағы азаматтардың деректерін қорғауға деген немқұрайлылық;
• Осалдықтар мен ақпараттың таралуын жасыру – тіпті «ештеңе болмағандай» болса да.
2-КҮН — SECURE DEVELOPMENT DAY
Негізгі тақырыптар:
• Қорғалатын шекара моделі — енді ескірген. Шынайы қауіп сыртта емес, ішінде;
• Қауіп-қатер ландшафты қалай өзгеруде: ЖИ, бұлттық технологиялар;
• Өзгеріп жатқан ИБ-жүйесінде қауіпсіздікке деген тәсілді қайта ойластыру.
3-КҮН — HACK DAY
• Жаһандық және аймақтық сарапшылардан үздік баяндамалар;
• CyberKumbez — өңірдегі ең ірі хакерлік турнирдің финалы;
• Red Team vs Blue Team: нақты уақытта бұзу, багтарды көрсету, live демонстрациялар.
Конференцияны ұйымдастырушы — TSARKA Group, киберқауіпсіздік және цифрлық егемендік саласындағы аймақтық көшбасшы. Бірлесе ұйымдастырушылар: ҚР ЦДИАӨМ жанындағы КИБ қызметі.
KazHackStan 2025 серіктестері — Freedom Holding, PS.kz, Astana Hub және Hewlett Packard Enterprise (HPE) — қаржы технологияларын, бұлттық қызметтерді және стартап-экожүйені дамытатын жетекші компаниялар.