Kcell акционерлерінің құрамы өзгерді

Kcell акционерлерінің құрамы өзгерді

«Кселл» акционерлерінің құрамына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы 12 қыркүйекте ұялы байланыстың операторы хабарлады. Онда Ғалымжан Есеновтың орнына KC Holding Ltd жеке компаниясы келгені айтылған.

“Есенов мырзаның компаниялар тобында үлестік меншік құрылымын оңтайландыру мақсатында мәміле аяқталды, акциялардың түпкілікті иесі өзгеріссіз қалды, акциялар саны өзгерген жоқ”, - делінген хабарламада.

 Қазір Kcell акционерлерінің құрамы келесідей: 51% - Қазақтелеком, 14,87% - KC HOLDING LTD жеке компания, 9,08% - Jusan Bank, 7,07% - БЖЗҚ. Компания акцияларының шамамен 18%-ы еркін айналымда.

TSARKA қолдауымен