Киберқауіпсіздік білім беруде: ҰТО және TSARKA Group меморандумға қол қойды
Астанада ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМПК және «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» (TSARKA Group) заңды тұлғалар бірлестігі арасында ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысты, соның ішінде қауіп-қатерлерді мониторингілеуді, компьютерлік криминалистиканы жүргізуді, ақпараттық қауіпсіздікті аутсорсингтеуді және елдің цифрлық ортасын қорғау бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеуді көздейді.
Технологиялардың жылдам дамуы мен киберқауіптердің өсуі жағдайында, әсіресе білім беру саласында деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз ету маңызды, өйткені ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі оқу сапасына және пайдаланушылардың сеніміне тікелей әсер етеді.
Ұлттық тестілеу орталығы мен TSARKA Group-тың ынтымақтастығы білім беру үдерісінің барлық қатысушылары үшін озық шешімдерді енгізуге, тәуекелдерді азайтуға және қауіпсіз цифрлық экожүйені құруға мүмкіндік береді.
Тараптар білім берудегі киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және ынтымақтастықты нығайтуға дайындығын білдірді.