Киберқауіпсіздік бірінші орында: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасында меморандум

Киберқауіпсіздік бірінші орында: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасында меморандум

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы киберқауіпсіздік саласындағы жетекші компания TSARKA-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерін қорғауға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында TSARKA Tumar.One платформасындағы багхантерлерді (ақауларды іздеушілерді) маңызды ақпараттық жүйелердегі осалдықтарды анықтау және жою мақсатында зерттеу және тестілеуге белсенді түрде тартады.

Баг-баунти платформасы - бұл инновациялық модель, онда тәуелсіз киберқауіпсіздік зерттеушілері бағдарламалық жасақтаманы тексеріп, анықталған осалдықтар туралы хабарлай алады.

«Меморандумға қол қою екі ұйымның киберқауіпсіздік бойынша жоғары стандарттарға және мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы серіктестіктің маңыздылығына деген адалдығын көрсетеді. Бұл қадам қауіпсіздікті үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді және мемлекеттік басқару ақпараттық жүйелеріне азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті TSARKA Group президенті Олжас Сатиев.
«Цифрлық дәуірде деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің қызметіміздің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Серіктестер бағдарламалық жасақтаманы тексеріп, анықталған осалдықтар туралы хабарлайды, ал біз бұзылуларды, рұқсатсыз қолжетімділікті және басқа қауіптерді болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдаймыз. Бұл мемлекеттік корпорацияның деректерді қорғауды айтарлықтай күшейтіп, олардың құпиялылығын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді», - деп қосты «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

Мемлекеттік корпорация мен TSARKA арасындағы ынтымақтастық барлық азаматтар мен ұйымдар үшін неғұрлым қауіпсіз цифрлық ортаны құру жолындағы маңызды қадам болады.

TSARKA қолдауымен