Келісімшарт бойынша әскери қызметке енді онлайн өтініш беруге болады

Келісімшарт бойынша әскери қызметке енді онлайн өтініш беруге болады

Бұдан былай әскери қызметке онлайн өтініш беруге болады. Қорғаныс министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп пилоттық жобаны іске қосты. Толық ақпаратты кез келген адам Jauynger.gov.kz сайтынан көре алады.

Жоба авторларының айтуынша, пилоттық жоба 27 тамызда жұмысын бастайды.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге ниет білдірген азамат (үміткер) жұмысқа кірісу үшін Jauynger.gov.kz сайтына кіруі керек, онда тіркелу арқылы жеке кабинет ашуға болады.

 Бос жұмыс орындарын қарап, нақты лауазымды таңдағаннан кейін үміткер өтінішті қалыптастырады, жеке деректерін өңдеуге келісім береді және электрондық қолтаңбаға қол қойып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарауға жібереді. Бұл ретте кандидаттарды іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі.

«Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі» (Jauynger.gov.kz) ақпараттық жүйесі арқылы азаматтарды қатардағы жауынгер және сержант құрамы лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу және қабылдау алгоритмі бекітілсін»,- делінген ақпаратта.

 TSARKA қолдауымен