Кофеинсіз көмекші: Битрикс24 ЖИ-мен жұмыс барысындағы эмоцияларды зерттеді
Битрикс24 жасанды интеллекттің (ЖИ) жұмыс үдерістеріне ықпалын зерттеуді жалғастыруда. Жақында әлем бойынша 2200-ден астам клиент пен портал қатысқан зерттеу қызықты қорытындыларды көрсетті. Пайдаланушылардың едәуір бөлігі ЖИ-ді тек сенімді көмекші ретінде ғана емес, сонымен қатар жағымды эмоция сыйлайтын құрал ретінде қабылдайды. Ол жұмысқа қуаныш қосып, күйзеліс деңгейін төмендетеді.
Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (67%) – ЖИ-ді сенімді жеке көмекші ретінде атап өтті. Оның басты артықшылығы – 24/7 қолжетімділігі, яғни адамға тән кофе-брейк, демалыс сияқты үзілістерді қажет етпейді.
Тағы 23% қатысушы ЖИ-ді әрдайым көмектесуге дайын дос ретінде сипаттады. Олар ЖИ-мен өзара әрекеттесу қолдау мен серіктестік сезімін тудыратынын атап өткен. Бұл технологиялардың тек функционалды ғана емес, эмоционалдық тұрғыдан да жайлы бола алатынын көрсетеді.
Қызығы, респонденттердің 10%-ы ЖИ-ді таңғажайып нәрсе ретінде қабылдайды. Жұмыстағы қателіктер немесе күтпеген нәтижелер көбіне күлкі тудырып, күнделікті жұмыстарды жеңіл әрі ойын элементтері бар процеске айналдырады. Бұл технологияның кемшіліктері де жағымды эмоция сыйлап, стресс деңгейін төмендетуі мүмкін екенін байқатады.
Еске сала кетсек, Қазақстанда Битрикс24 порталдары ішінде ЖИ-ді 44% пайдаланушы тұрақты түрде қолданады. Желтоқсан айында BitrixGPT пайдаланушыларына тиімді шарттармен қосылуға мүмкіндік бар. Бұл ай – жылдың соңы ғана емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше кезең.
Дәл қазір жұмысқа деген көзқарасты қайта қарап, күнделікті міндеттерді жеңілдететін, жұмысты әлдеқайда жайлы әрі өнімді ететін құралдарды енгізудің оңтайлы уақыты. Битрикс24-тегі ЖИ – кофеинсіз, бірақ тәулік бойы қолдау көрсетуге дайын сенімді көмекші.
2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Пайда режимінде» акциясы аясында бизнес басқаруға арналған әмбебап платформа – Битрикс24-ті жеңілдікпен сатып алуға болады. Мерекелік ұсыныс бойынша жылдық бұлтты тарифтерге 35% дейін, ал қораптық лицензияларға 20% дейінжеңілдіктер қарастырылған. Толығырақ ресми парақшаданбілуге болады. Акцияға қатысу тек үнемдеуге емес, жаңа жылда бизнеске сенімді бастама жасауға да мүмкіндік береді.

Жұмыс процестеріне ЖИ-дің эмоционалды әсері
67%-ы 24/7 жасанды интеллекттің қолжетімділігін атап өткен, демалыссыз қолданады.
23%-ы жасанды интеллектті дос ретінде сипаттайды, бұл жолдастық қатынасты көрсетеді.
10%-ы жасанды интеллектті таңқалдыратын сыйқырлы дүние деп тапқан.