Колледжге енді eGov.kz порталы арқылы құжат тапсыруға болады
9-шы сыныптан кейін колледжге тапсыру барынша оңтайландырылды. Бұдан бұлай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды онлайн тапсыруға болады. Бұл құжаттарды тапсыру процесін жеделдетеді әрі жеңілдетеді. Қызметті Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «ҰАТ» АҚ және А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ҰЗББО АҚ-мен бірлесіп іске қосып отыр.
Одан бөлек eGov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсырған кезде қай тілде және қай өңірде оқитыныңызды таңдай аласыз. Сондай-ақ құжаттар тізімі де айтарлықтай қысқарды. Тек eGov.kz порталында өтінім беру кезінде бұрын алған білімі (оқу орындарының аттестаты мен дипломы), талапкердің бағалары және оның сертификатының жалпы балы туралы ақпаратты көрсету керек.
Сондай-ақ жекелеген жеңілдікті санаттағы азаматтар үшін растайтын құжаттарды қоса берудің қажеті жоқ. Жүйе өтініш берген кезде мәртебе туралы қосымша ақпаратты автоматты түрде көрсетеді (I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және т.б.).
Бұдан басқа пайдаланушыларда өтінім күйін бақылауға және қажет болған жағдайда оны қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Талапкер 4 түрлі колледжге 4 мамандыққа дейін таңдай алады.
Өтінім беру үшін талапкер:
eGov.kz порталында авторизация жасауы;
«Білім» бөліміне өтіп, «Колледждер» санатын таңдауы;
қызметтер тізімінен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» құжатының қажетті санатын таңдауы;
барлық қажетті өрістерді толтыруы және файлдарды жүктеуі;
ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қоюы;
Жеке кабинетте көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуы қажет.
TSARKA қолдауымен