Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды

Қазақстандағы Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы әлемдегі ең сұранысқа ие әрі болашағы зор бағыттардың бірі - «Жасанды интеллект» мамандығы бойынша жаңа бакалавриат бағдарламасының іске қосылғанын жариялады. Бұл бағдарлама әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен серіктестікте жүзеге асырылады және студенттерге халықаралық деңгейдегі заманауи инженерлік білім алуға бірегей мүмкіндік ұсынады.
Солтүстік-Батыс политехникалық университеті - Қытайдың«А» санатындағы жетекші университеттерінің бірі. Ол елдіңбеделді мемлекеттік бастамалары — «211 жобасы» мен «985 жобасына» енген. Университет ғылыми-зерттеу деңгейінің жоғарылығымен, инженерлік дайындық сапасымен және инновациялық жобаларды сәтті жүзеге асыруымен танымал. Оқыту сапасы, ғылыми базасы мен білім берудегі жаңашыл тәсілдерінің арқасында СБПУ инженерия және ақпараттық технологиялар саласындағы мойындалған көшбасшылар қатарында.
Бағдарлама оқу барысында келесі негізгі тақырыптарды қамтиды: бейнелерді тану және машиналық оқыту, жасанды нейрондық желілер және олардың қолданылуы, компьютерлік көру, интеллектуалды жүйелер, статистикалық есептеу лингвистикасы, жасанды интеллекттікешенді жобалау. Студенттер ағылшын тілінде білім алып, халықаралық академиялық ортаға бейімделеді және жаһандық технологиялық индустрияда сұранысқа ие білімді меңгереді. Оқу процесіне теориялық курстармен қатар өндірістік серіктестердің қатысуымен өтетін практикалық жобалар да енгізілген.
Бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі - қосдиплом: түлектер Қытай және Қазақстан дипломдарынқатар алып, халықаралық еңбек нарығында өзмүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Сонымен қатар, студенттерүшін Қытайдағы СБПУ кампусында бір жыл білім алумүмкіндігі қарастырылған. Бұл олардың озық ғылымиортаға енуіне жол ашады.
Абитуриенттер түрлі қаржылық қолдау түрлеріне үміткербола алады: білім беру гранттары, академиялық стипендиялар мен жоғары жетістіктері бар студенттерге арналған ынталандыру бағдарламалары. Практикалық дағдыларға, ғылыми зерттеулерге және халықаралық оқыту стандарттарына ерекше назар аударудың арқасында бұл бағдарлама түлектері Huawei, Tencent, Alibaba, IBM және Microsoft сияқты жаһандық IT-компанияларда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Жаңа бакалавриат бағдарламасынан бөлек, СБПУ филиалы материалтану, нанотехнологиялар, ақпараттық-коммуникациялық инженерия және компьютерлік ғылымдар салаларында қос дипломды магистратура бағдарламаларында ұсынады. Бұл бағдарламалар ғылыми зерттеулер мен қолданбалы дағдыларға басымдық бере отырып, түлектергежоғары технологиялық салаларда табысты мансап құруғажол ашады.