Әлеуметтік әмиян іс жүзінде: 703 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ағымдағы нәтижелер туралы баяндады. Ағымдағы жылы 44 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Министрдің айтуынша, маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық құжаттарды енгізу.
Тағы бір мысал – онлайн нотариус. Азаматтар Қазақстаннан тыс жерде болса да, онлайн қызмет ала алады. Мұндай қызметтер саны 175 мыңнан астам рет көрсетілген.
Жаслан Мәдиев проактивті қызметтерді енгізудің маңыздылығын атап өтті, бұл қызметтер азаматтарға ешқандай өтінішсіз, автоматты түрде ұсынылады. Министр сондай-ақ әлеуметтік әмиянды енгізу туралы айтып берді, ол мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсетудің құралына айналды.
Бүгінгі таңда 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып, 2 мыңнан астам мектепті қамтыды. Барлық мемлекеттік дәріханалар жүйеге толық қосылды, 1,5 миллионнан астам рецепт берілді.