Made By Google: Pixel 9 жаңа смартфонындағы ЖИ мүмкіндіктері қандай?

Made By Google: Pixel 9 жаңа смартфонындағы ЖИ мүмкіндіктері қандай?

Google Made by Google'24 презентациясы кезінде жасанды интеллект негізінде жасалған өз өнімдерінің қызметтері мен мүмкіндіктері туралы айтты.

Pixel 9, 9 Pro и 9 Pro XL

Айта кетейік, қазіргі таңда қолданысқа жаңа төрт сматрфон енді. Олар: Pixel 9 Pro, Pixel 9 Pro XL және Pixel 9 Pro Fold. Бұл смартфондар экран өлшемі, камера және жад сыйымдылығының көлемімен ерекшеленеді. Сондай-ақ оларда «Google Ассистент» қызметін алмастыратын Gemini қосымшасы орналастырылған.

Google Pixel 9:

Дисплей: 6,3 дюймдік AMOLED, жарықтығы 2,7 мың нитке дейін және жиілігі 60-120 Гц.

Жады: 12 ГБ жедел жады және 128/256 ГБ жады.

Камералар: 50 МП негізгі модуль, ультра кең 48 МП және алдыңғы 10,5 МП (автофокуспен).

Батарея: 4558 мАч, 45 Вт-қа дейін жылдам зарядтауды қолдау.

Интерфейстер: USB-C 3.2, Bluetooth 5.3, Wi-Fi 7, 5G және NFC.

Google Pixel 9 Pro:

Дисплей: 6,3 дюймдік AMOLED, жарықтығы 3 мың нитке дейін және жиілігі 1-120 Гц.

Жад: 16 ГБ жедел жады және 128/256/512 ГБ жады.

Камералар: негізгі модуль 50 МП, ультра кең 48 МП, бес реттік телефото 48 МП және алдыңғы 42 МП (автофокуспен).

Батарея: 4558 мАч, 45 Вт-қа дейін жылдам зарядтауды қолдау.

Интерфейстер: USB-C 3.2, Bluetooth 5.3, Wi-Fi 7, 5G, NFC және UWB.

Google Pixel 9 Pro XL:

Дисплей: 6,8 дюймдік AMOLED, жарықтығы 3 мың нитке дейін және жиілігі 1-120 Гц.

Жад: 16 ГБ жедел жады және 128/256/512/1024 ГБ жады.

Камералар: негізгі модуль 50 МП, ультра кең 48 МП, бес реттік телефото 48 МП және алдыңғы 42 МП (автофокуспен).

Батарея: 4942 мАч, 45 Вт-қа дейін жылдам зарядтауды қолдау.

Интерфейстер: USB-C 3.2, Bluetooth 5.3, Wi-Fi 7, 5G, NFC және UWB.

Бұдан бөлек, бұл смартфондарда Add Mе функциясы орнатылған. Ол екі фотосуретті бір суретке біріктіруге мүмкіндік береді. Яғни, оның барлығы жасанды интеллектің көмегі арқылы жасалады.

Айта кетейік, жаңа құрылғыларға тапсырысты 2024 жылдың 13 тамызынан бастап беруге болады. Pixel 9 и Pixel 9 Pro XL 22 тамыздан басталса,  Pixel 9 Pro 4 қыркүйектен бастап сатылымға шығады. Pixel 9-дың бағасы 799 доллар, Pixel 9 Pro 999 доллар болса, ал Pixel 9 Pro 1099 долларға сатып алуға болады.

Pixel 9 Pro Fold

Айта кетейік, бұл құрылғының OLED дисплейі 8 дюйм, ең жоғары жарықтығы 2700 нит. ЖЖҚ 16 ГБ, жадысы 256 немесе 512 ГБ болып келеді. ОЖ – Android 14 болса, процессоры – Tensor-дың төртінші буыны. Жиналмалы Pixel 9 Pro Fold құрылғысының артқы камераларына 48 мегапиксельді негізгі камера орнатылған. Сондай-ақ онда 10,5 мегапиксельді ультра кең бұрышты камера және 10,8 мегапиксельді телефото объективі бар. Алдыңғы камерасы - 10 МП. Pixel 9 Pro Fold-тың бағасы 1799 доллар. Смартфонға алдын ала тапсырыс беруге болады, ал сатылымға 2024 жылдың 4 қыркүйегінде шығатынын еске саламыз.

Pixel Watch 3

Ақылды сағаттар 41 және 45 миллиметр өлшемімен шығады. Жарықтығы – 2000 нит. Google мәліметінше, дисплейдің көлемі жақтаулардың кішіреюіне байланысты үлкен етіп жасалған. Айта кетейік, бұл сағаттар 36 сағат бойы тынымсыз жұмыс істей береді. Бар болғаны 15 минуттың ішінде 20 пайызға дейін қуат ала алады. 41 мм бағасы 349 доллар тұрса, 45 мм 399 долларға бағаланады. Бұл сағаттар 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап сатылымда болады.

Pixel Buds Pro 2

Бұл құлаққапттардың дизаины алдыңғыларға қарағанда аса өзгере қоймаған. Дегенмен оның да өзгеше тұстары көп. Мәселен дисплейі жарық әрі берік жасалған. Сондай-ақ онда жасанды интеллект арқылы Gemini Live қосымшасы қосылған. Яғни, дауыстау арқылы сіз картаға қайда баратыныңызды және өз жоспарларыңызды түзе аласыз. Айта кетейік, Gemini Live –ты сіз ақылы түрде ғана қоса аласыз. Ол үшін Google One AI тарифін 20 долларға сатып алуыңыз қажет. Бұл құрылғының жұмыс істеу уақыты 30 сағатқа дейін. Pixel Buds Pro 2 бағасы – 229 доллар. Сатылымға ол 26 қыркүйекте шығады.

Жасанды интеллект функциялары

Made by Google 2024 жасанды интеллект арқылы көптеген қолайсыздықтарды шешуге тырысты. Әсіресе оның мүмкіндігі шектеулі жандарға көмегі көп.

Guided Frame — көздерінде кінәрат бар адамдар үшін таптырмас мүмкіндік. Мәселен, ондай адамдар жасанды интеллектің көмегімен дыбыстау арқылы селфи жасай алады.

Magnifier – жасанды интеллекті бар үлкейткіш әйнек. Онда  «Сурет ішіндегі сурет» режимі бар. Яғни, кез келген адам ЖИ арқылы мәтіндер арасынан белгілі бір сөздерді іздей алады және объективті ауыстыра алады.

Live Transcribe – Pixel 9 Pro Fold смартфондар үшін қос транскрипция режимі пайда болды, оны адамдармен диалог кезінде пайдалануға болады. Бұл жағдайда әңгімелесушілердің байланысуы ыңғайлы болу үшін мәтін бірден екі дисплейде көрсетіледі.

Live Caption. Бұл Live Transcribe функциясына ұқсас. Яғни онда сыртқы дыбыстарды ғана емес, смартфонның ішіндегі дыбыстарды басқаруға болады. Айта кетейік, жаңа нұсқада 13 тамыздан бастап корей, поляк, португал, орыс, қытай, түрік және вьетнам тілдері пайда болады.

Барлық функциялар тек Pixel 9 смартфондарында ғана емес, басқа Android құрылғыларында да қолжетімді болады.

Gemini үшін жаңа дауыстық чат режимі "Gemini Live" деп аталады. Онда 10 жаңа дауыс бар. Gemini Live мүмкіндігі Android құрылғыларында әзірге тек ағылшын тілінде шығарыла бастады. Функция фондық режимде және смартфон экраны құлыпталған кезде де жұмыс істей береді.

 TSARKA қолдауымен