«Мансап компасы» атты жаңа платформа оқушыларға мамандық таңдауға және қосымша жұмыс табуға көмектеседі

«Мансап компасы» атты жаңа платформа оқушыларға мамандық таңдауға және қосымша жұмыс табуға көмектеседі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазғы жұмысқа орналастыру және кәсіби бағдарлау мақсатында мектеп оқушыларын тартуға арналған цифрлық шешімдерді дамытуда. Бұл туралы министр Светлана Жақыпова Үкімет отырысында мәлімдеді.

Инициатива аясында мектеп түлектеріне болашақ мамандықты таңдауға көмектесу үшін «Мансап компасы» онлайн-платформасы іске қосылады. Бұл сервис мүмкіндік береді:

● кәсіби бағдарлау тестілерінен өтуге;

● мансаптық қызығушылықтарға қатысты ұсыныстар алуға;

● сұранысқа ие мамандықтар мен еңбек нарығы туралы ақпарат білуге;

● лайықты оқу орнын таңдауға.

Платформа кәсіби болашақ туралы шешім қабылдау алдында тұрған жоғары сынып оқушыларына, сондай-ақ жазғы жұмыс арқылы алғашқы тәжірибе алғысы келетіндерге арналған.

«Біздің мақсатымыз — оқушыларға тәжірибе жинақтауда және саналы түрде кәсіби бағыт таңдауда тең мүмкіндік беру. Бұл әсіресе ақпарат пен ресурстар жетіспейтін өңірлердегі балалар үшін аса маңызды», — деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Бұл бастама enbek.kz Электронды еңбек биржасы мен Skills.Enbek онлайн платформасы сияқты басқа да цифрлық құралдарды толықтырып, оқушыларға даму мен жұмысқа орналасу бағытында көбірек мүмкіндік ашады.

TSARKA қолдауымен