MEGOGO-да құтқарушылар туралы әсерлі сериалдың қазақ тіліндегі премьерасы өтті

MEGOGO-да құтқарушылар туралы әсерлі сериалдың қазақ тіліндегі премьерасы өтті

Халықаралық MEGOGO стриминг-сервисінде украиналық «Жүрек пен Жалын» атты әсерлі сериалдың қазақ тіліндегі тұңғыш нұсқасы көрсетілді. Қазақша дыбыстауды MEGOGO VOICE студиясы жүзеге асырды.

Сериал 16 бөлімнен тұрады және күн сайын қауіппен бетпе-бет келіп, өз өмірін өзгелердің амандығы үшін қатерге тігетін украиналық құтқарушылардың өмірі туралы баяндайды. Экстремалды жағдайлар аясында махаббат, достық және жанқиярлық оқиғалар өрбиді. Кейбір көріністер шынайы өрт сөндіру бөлімшелерінің аумағында түсірілген, ал сериалдың кейіпкерлері қатарында нақты төтенше жағдайлар қызметкерлері де бар. 

Басты рөлдерде: қазақстандық көрерменге жақсы таныс украиналық актриса Екатерина Кузнецова, сондай-ақ Тарас Цымбалюк, Григорий Бакланов және басқа да танымал актерлер.

«Бұл сериал өз ісін үнсіз атқарып жүрген адамдар жайлы. Олар күн сайын қиын жағдайға тап болып, өзгелерге көмектеседі. Біз бұл жобада адамдық борыш, мейірім мен жауапкершілік туралы айтқымыз келді», — деді MEGOGO компаниясының бас директоры Нұрлан Чукубаев.

Алғашқы 4 бөлім MEGOGO платформасында «Сериалдар» бөлімінде эксклюзивті түрде қолжетімді

Сериалдың қазақша дыбысталуы MEGOGO VOICE студиясында жасалды. Бұл — студияның алғашқы жобасы және қазақтілді медиакеңістікті дамыту жолындағы жаңа кезеңнің бастауы.

TSARKA қолдауымен