MEGOGO-мен мектепке дайындық: сүйікті контентіңмен ағылшын тілін үйрен

MEGOGO-мен мектепке дайындық: сүйікті контентіңмен ағылшын тілін үйрен

Жаңа оқу жылының қарсаңында MEGOGO көрермендерге пайдалы мен қызық контентті бірге қосуды ұсынады: ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, сүйікті сериалдар, фильмдер мен мультфильмдерді де шет тілде тамашалауға болады.

MEGOGO платформасында ағылшын тілін үйренуге арналған білім беру бағдарламалары бар: мектеп жасына дейінгілерге, оқушыларға және студенттерге арналған курстар. Бұл – тілді біртіндеп меңгеруге, әрі оқу жылы бойы мотивацияны сақтауға көмектесетін ыңғайлы бейнесабақтар. Платформада ағылшын тіліне арналған әртүрлі бағдарламалар ұсынылады: мектеп жасына дейінгілер мен оқушыларға арналған сабақтар, IELTS-ке дайындық курстары, деңгей бойынша жүйеленген сабақтар (A1–C1), сондай-ақ бизнес-ағылшын.

Ағылшын тілін меңгерудің ең тиімді тәсілдерінің бірі – сериал көру. MEGOGO оқу процесін одан әрі қызық етеді: «Достар», «Үлкен жарылыс теориясы», «Анатомия страсти» және басқа да культтық телесериалдарды көрермендер ағылшын тілінде субтитрлермен тамашалай алады. Мұндай әдістің басты артықшылығы – сөздер мен идиомалардың, сөйлеу үлгілерінің молдығы. Америкалық және британдық ағылшын тілін естіп, салыстыруға болады. Сонымен қатар сериалдар көрерменнің тыңдап түсіну дағдысын дамытады: түрлі акценттерді тыңдай отырып, оларды қабылдауға көмектеседі. Сериалдардан бөлек MEGOGO-да фильмдер мен мультфильмдерді де түпнұсқада, ағылшын немесе орыс субтитрлерімен көруге болады.

Көрермендердің назарын ерекше аударатын жанр – дорамалар. MEGOGO-да оларды тек аудармамен ғана емес, түпнұсқа корей тілінде де көруге болады. Субтитрлерді орыс немесе ағылшын тілінде таңдау мүмкіндігі бар. Бұл формат жаңа тіл үйренгісі келетіндер үшін де тамаша мүмкіндік ашады.

Сериалдар мен фильмдер оқу құралы ретінде бірегей артықшылыққа ие – тілді меңгеру процессін шаршататын міндеттен қызықты хоббиге айналдырады. Осылайша, MEGOGO мектепке немесе университетке дайындықты қызықты етеді. Мұнда ағылшын тілі курсын өтіп, алған білімді сериалдар, фильмдер мен мультфильмдер арқылы бекітуге болады.

«Біз білім алуды күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруды мақсат тұтамыз. Ағылшын тілін тек кітаптан емес, сүйікті контентпен байланыстыра үйрену әлдеқайда жеңіл әрі қызық. MEGOGO-да әрі білім беру курстары, әрі түпнұсқадағы ойын-сауық контенті бар. Мұндай үйлесім қолданушыларға еркіндік пен мотивация береді», – деді MEGOGO бас директоры Нұрлан Чукубаев. 

Оқу маңызды, бірақ демалыс та сондай дәрежеде қажет. MEGOGO осы екі процесті бір жерде біріктіреді: әрі білім алып, әрі демалуға болады. Ал MEGOGO30 промокодымен көрермендер сериалдар мен фильмдерді бүгіннен бастап тегін көре алады.

TSARKA қолдауымен