Meta мен ҚР Цифрлық даму министрлігі жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті

Meta мен ҚР Цифрлық даму министрлігі жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті

Министр Жаслан Мадиев Meta вице-президенті Саймон Милнермен кездесті. Тараптар жасанды интеллект, IT-кадрларды даярлау, киберқауіпсіздік және балаларды интернеттегі зиянды контенттен қорғау мәселелерін талқылады.

Кездесу Meta және Maqsut Narikbayev University ұйымдастырған шара аясында жалғасын тапты. Мұнда мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және академиялық қауымдастық өкілдері кибербуллингтің алдын алу мен онлайн-бақылаудың этикалық тәсілдерін талқылады.

Meta Instagram желісіндегі жаңа «Жасөспірімдер аккаунты» функциясын таныстырды. Ол ата-аналық бақылау, жағымсыз сөздерді сүзгілеу, бөгде адамдардан қорғаныс және экран уақытына шектеу мүмкіндіктерін қамтиды. Бұл функция Қазақстанда жақын арада қолжетімді болады.

Жаслан Мадиевтің айтуынша, министрлік жас ұрпақтың мүддесіне қызмет ететін қауіпсіз және этикалық цифрлық орта қалыптастыруды мақсат етеді.

TSARKA қолдауымен