Мемлекеттік мобильді қызметтер SuperApp қағидаты бойынша eGov пен Aitu экожүйелеріне біріктіріледі

Мемлекеттік мобильді қызметтер SuperApp қағидаты бойынша eGov пен Aitu экожүйелеріне біріктіріледі

Цифрлық штаб бірыңғай цифрлық экожүйені қалыптастыруға, креативті индустрияларды дамытуға, IT-стартаптар мен жоғары оқу орындарын қолдауға бағытталған бірқатар шешім қабылдады.

Astana Hub өз қызмет аясын кеңейтеді: енді технопарк мультимедиа, геймдев, дизайн, киберспорт салаларындағы жобаларды, сондай-ақ ағылшын тілін оқыту мен шетелдік компанияларға бизнес-процестер аутсорсингін қолдайтын болады. Бұл хабтың халықаралық IT орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.

Барлық мемлекеттік мобильді қосымшалар біртіндеп eGov және Aitu бірыңғай экожүйесіне біріктіріледі — бұл азаматтарға түрлі сервистер арасында шатаспай, қызметтерді ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Alem.cloud суперкомпьютерлік орталығының есептеу қуатын бөлу ережелері бекітілді. Оған стартаптар, университеттер және мемлекеттік органдар қол жеткізе алады. Басымдық білім беру, медицина, энергетика және өнеркәсіп сияқты негізгі салаларда жасанды интеллектті дамытуға бағытталған жобаларға беріледі.

TSARKA қолдауымен