Министр Жаслан Мәдиев АҚШ-тың ірі венчурлық қорларымен кездесу өткізді

Министр Жаслан Мәдиев АҚШ-тың ірі венчурлық қорларымен кездесу өткізді

Жаслан Мәдиев бастаған цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Andreessen Horowitz және Lightspeed Ventures ірі венчурлық қорларының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Министр Жаслан Мәдиев «Sand Hill Road құпиялары» бестселлерлерінің авторлары Скотт Купер және «The Venture Mindset» авторлары Илья Стребулаев және Алекс Дангпен кездесті. Жиын кезінде қос тарап венчурлік инвестициялар саласындағы әлеуетті ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

“Жасанды интеллект саласындағы перспективалы стартаптарды талқылауды қоса алғанда, елдің технологиялық экожүйесін дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды”, - делінген хабарламада.

Жаслан Мәдиевтің АҚШ-тағы сапары туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

 TSARKA қолдауымен