Цифрлық министрлік мемлекеттік қызметшілерге арналған ЖИ дағдылары бойынша оқытуды іске қосуда

ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект дағдылары бойынша AI Qyzmet оқыту бағдарламасын іске қосты.
AI Qyzmet — Орталық Еуразиядағы мемлекеттік қызметшілерге жасанды интеллект (ЖИ) саласында білім беруге бағытталған алғашқы бағдарлама. Бұл бастама мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, жұмыс процестеріне ЖИ құралдарын енгізуге мүмкіндік береді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев:
Оқыту аясында мемлекеттік қызметшілердің жұмысында ЖИ-ді саналы түрде қолдану әдетін қалыптастыру, әкімшілік үдерістерді автоматтандыру және деректерді талдау арқылы оңтайландыру, сондай-ақ қазақстандық жергілікті ЖИ шешімдерін (ұлттық ЖИ платформасы, қазақша ірі тілдік модельдер) енгізу көзделіп отыр.
Курс мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмысындағы ЖИ қолданудың негізгі сценарийлерін қамтиды: жоспарлау, ақпаратты өңдеу, презентациялар жасау, шешім қабылдау, тапсырмаларды автоматтандыру және көпшілік алдында сөйлеу. Сонымен қатар заманауи тілдік модельдермен жұмыс істеудің әмбебап принциптері ұсынылады, бұл ChatGPT, Claude (Anthropic), Gemini (Google), Perplexity, Mistral, Cohere және басқа платформаларды сенімді пайдалануға көмектеседі.
Оқыту офлайн-форматта өтеді. Академия және оның өңірлік филиалдары базасында Mastercard пен KPMG Кавказ және Орталық Азия компанияларының қолдауымен жүзеге асырылады. Курс соңында мемлекеттік қызметшілерге бірегей нөмірі бар сертификаттар табысталады.
KPMG Кавказ және Орталық Азия өңіріндегі Технологиялық практиканың ЖИ саласындағы қызметтер жетекшісі Джафар Пенот:
Mastercard компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша бас директоры Санжар Жамалов:
Оқыту Snack Learning форматында өтеді — 5 минуттық қысқа видеодәрістер арқылы, бұл оқуды жұмыс кестесіне икемді енгізуге мүмкіндік береді. Лекторлар қатарында тәжірибелі сарапшылар мен практиктер бар, олардың ішінде стратегиялық басқару деңгейінде ЖИ енгізу тәжірибесімен бөлісетін министр Жаслан Мадиев те бар.
Бағдарлама аясында жыл сайын 30 000-ға жуық мемлекеттік қызметші қамтылады. Курс жазбасы Astana Hub платформасында елдің барлық мемлекеттік қызметшілеріне қолжетімді болады.