MiraiTech стартапы мен «Астана» ФК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

MiraiTech стартапы мен «Астана» ФК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстандық MiraiTech deeptech стартапы — биомеханика және киілетін сенсорлар саласындағы шешімдерді әзірлеуші — еліміздің бірнеше дүркін чемпионы «Астана» футбол клубымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады.

Ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде MiraiTech технологиялары «Астана» жастар командасында қолданылатын болады. Бұл өнімді нақты жағдайда сынап, деректер жинап, кәсіби футболдың ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.

Меморандум аясында MiraiTech келесі бағыттарда жұмыс істеуді жоспарлап отыр:

•⁠  ⁠қозғалыстың биомеханикасын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік беретін сенсорлық ұлтарақтарды пилоттық тестілеуден өткізу;

⁠•⁠  жиналған деректерді өнімді жетілдіру үшін пайдалану;

•⁠  ⁠жарақаттардың мониторингі, қалпына келуі және алдын алу бойынша бірлескен хаттамалар әзірлеу;

⁠•⁠  қозғалыс аналитикасы негізінде ойыншылар мен команданың спорттық көрсеткіштерін арттыру жолдарын іздеу.

Тараптар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс (R&D) саласында серіктестік орнатып, футболшылардың жаттығу процесіне қозғалысты талдайтын технологияларды енгізуді көздейді. MiraiTech кәсіби спортты өз әзірлемелерін пысықтап, жетілдіруге арналған табиғи орта ретінде қарастырады.

Инновациялар іске қосылды

«Бұл біз үшін жай ғана серіктестік емес. Біз технологиялар спортшыларға қауіпсіз жаттығуға, тез қалпына келуге және тиімді өнер көрсетуге көмектесетін ғылыми негіз қалыптастырып жатырмыз», — дейді MiraiTech компаниясының негізін қалаушы Гүлнұр Калимулдина.

Спортшының цифрлық бейнесі

Стартаптың басты өнімі — жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған, қозғалыс кезінде жүріс-тұрыс, дене қалпы, тепе-теңдік пен табанның динамикасын тіркейтін сенсорлық ұлтарақтар. Бұл деректер ойыншының жеке биомеханикалық профилін қалыптастырады, ал жаттықтырушылар мен дәрігерлер спортшының жағдайындағы өзгерістерді бақылап, шешімдерді нақты ақпаратқа сүйене отырып қабылдай алады.

TSARKA қолдауымен