Музыка жасайтын нейрожелілер: шығармашылықтың жаңа кезеңі
Цифрлық технология дамыған сайын адамзаттың мүмкіндігі де шексіз болып барады, бұрын әуен шығару үшін талант керек еді. Қазір жасанды интеллектпен дос болсаң жеткілікті. Музыка жазу бұрынғыдай күрделі, қымбат емес, оның үстіне кәсіби студиялардың да қажеті шамалы. Қазір бірнеше минут ішінде дайын әуен, фондық музыка, тіпті толық ән шығаруға мүмкіндік беретін қуатты нейрожелілер бар. Олар SMM, кино, жарнама, контент өндірісі және жеке шығармашылықта кеңінен қолданылады.
Бұл мақалада музыка жасайтын ең танымал нейрожелілерді, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырамыз.
Музыка жасауда AI қалай жұмыс істейді?
Музыка генерациялайтын нейрожелілер миллионддаған әндер мен аудио үлгілерді талдап, олардың ритмін, құрылымын, стилін үйренеді. Содан кейін сізге бірегей музыка әзірлейді.
AI музыка жазуды екі жолмен орындайды:
1. Аудиосигналды толық синтездеу
Дайын әуен, вокал, эффекттер – бәрін бірден жасап береді. Бұл — SMM, контентмейкерлер мен бизнес үшін ең қолайлы нұсқа.
2. Ноталар құрастырады
Бұл – кәсіби музыканттар үшін ыңғайлы тәсіл. Нейрожелі ноталар мен аккордтардан тұратын партитура жасайды. Пайдаланушы оны өңдей алады.
Музыка жасайтын ең танымал 4 нейрожелі
1. Suno AI – мәтіндік сұрау бойынша толық ән жасайды
Ең басты ерекшелігі AI музыка, вокал, аранжировка мен мәтінді өзі жазады. Кез келген жанрда – поп, реп, джаз және т.б. ән шығарады. Артықшылығы толық ән + минус, мәтін жазу, обложка (cover art) жасайды. Кемшілігі ұзақтығы 2 минутқа дейін және коммерциялық лицензия тек ақылы нұсқада.
2. Udio – ең сапалы студиялық дыбыс
Udio – кәсіби музыкалық продюсер деңгейіндегі сапа береді. Вокал таза, эффекттер студиялық стандартқа жақын.Кез келген жанрда музыка жазады, сапасы өте жоғары. Кемшілігі интерфейс тек ағылшын тілінде, кәсіби параметрлерді түсіну керек.
3. Mubert – фондық музыка мен коммерциялық лицензия
Бұл сервис тренинг, подкаст, корпоративті видео, YouTube роликтеріне арналған музыка жасауға көмектеседі. Loop, Track, Jingle сияқты форматтар бар және лицензиялық сертификат береді. Минусы 25 трекке дейін ғана тегін.
4. AIVA – классикалық және кино музыкасына арналған
AIVA симфониялық, оркестрлік музыка жасауға маманданған. Көбіне композиторларға, кино индустриясына пайдалы. Партитура жазады (ноталар), MIDI формат, эпикалық музыка, күрделі аранжировка жасай алады. Кемшілігі тегін тариф шектеулі, дайын аудио емес, көбіне ноталар береді.
Музыка жасау үшін дұрыс промпт қалай жазылады?
Жақсы промпт = жақсы ән.
Музыка жазар кезде міндетті түрде көрсету керек дүниелер:
1. Мақсат: фон, жарнама, сторис, сериал, подкаст.2. Жанр: поп, RnB, рэп, электроника, классика.3. Көңіл-күй: романтикалық, көңілді, драмалық, эпикалық.4. Темп: баяу / орташа / жылдам.5. Тіл: қазақша, орысша, ағылшынша.6. Құралдар: гитара, фортепиано, домбыра т.б. (қаласаңыз)
Мысал:“Қазақша заманауи поп ән. Орташа темп. Әуені жеңіл, көңілді, жазғы атмосфера. Нәзік әйел вокалы. TikTok форматы.”
Музыка генерациясын бизнес қайда қолдана алады?
• промо-видеолар• брендтік роликтер
• корпоративтік презентация
• подкаст
• YouTube арна
• сериалдар мен қысқа метражды фильмдер
• SMM контент
• анимация жобалары
AI музыкасы арзан, жылдам және авторлық тәуекелді азайтады.
Музыка жасайтын нейрожелілер шығармашылықты жеңілдетіп қана қоймай, кәсіби сападағы контент өндіруге жол ашты. Бұл дегеніміз AI мүкіндігі бізді әлі талай таң қалдырады деген сөз.