Наурызда алаяқтардан қалай сақтануға болады

Наурызда алаяқтардан қалай сақтануға болады

Наурыз - көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың оянатын уақыты. Наурыз – қуаныш, жақындармен кездесу және сыйлықтар мезгілі. Сонымен қатар дәл осы мейрам кезінде онлайн-алаяқтар белсенді әрекет етіп, аңғал пайдаланушыларды алдауға тырысады. Бұл мақалада мейрам кезіндегі жиі кездесетін алаяқтық схемаларын және өзіңізді, деректеріңізді қалай қорғауға болатынын қарастырамыз.

Жиі кездесетін алаяқтық схемалары

1. Жалған қайырымдылық науқандары Мейрам қарсаңында көптеген адамдар мұқтажжандарға көмектескісі келеді, ал алаяқтар осымүмкіндікті пайдаланады. Олар әлеуметтік желілердежалған парақшалар жасап немесе белгілі қорлардыңатынан хабарламалар таратып, жеке шоттарға аударымжасауды сұрайды.

2. Жалған интернет-дүкендер Наурыз – сыйлықтар мен жеңілдіктер уақыты. Алаяқтар танымал дүкендердің көшірме сайттарын жасап, төмен бағамен тауарлар ұсынады. Төлемжасалған соң тапсырысты не жібермейді, не сапасызтауар жібереді.

3. E-mail мен мессенджерлер арқылы фишингтік шабуылдар Пайдаланушыларға тартымды ұсыныстары бар хаттарнемесе хабарламалар келеді: "Наурызға арналған жеңілдіктер!", "Сіз жүлде ұтып алдыңыз!". Сілтемегеөткен кезде олардан жеке деректер мен банк картасының мәліметтері сұралады.

4. Алаяқтық ұтыс ойындары Әлеуметтік желілерде смартфоннан бастап көлікке дейін сыйлықтар уәде етілген байқаулар жиі кездеседі. Қатысушыдан "салық" немесе "жеткізу ақысын" төлеуді сұрайды, содан кейін алаяқтар жоғалып кетеді.

5. Жалған жалға беру және билет сатухабарландырулары Көптеген адамдар Наурыз мейрамының демалыс күндеріне саяхаттайды, сондықтан алаяқтар пәтержалға беру немесе автобус, пойыз билеттерін сатутуралы жалған хабарлан дырулар жариялайды. Алдынала төлем алған соң олар байланысқа шықпай қояды.

Онлайн алаяқтардан қалай қорғануға болады

1. Ақпаратты тексеріңіз– Егер сізге қайырымдылыққа қаржы жинау туралы хабарлама келсе, қордың ресми сайтын тауып, реквизиттерін тексеріңіз.– Егер бұл интернет-дүкен болса, пікірлерді, нақты мекенжай мен байланыс нөмірлерін тексеріңіз.

2. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз– Фишингтік сайттар шынайы сайттарға өте ұқсас болады, бірақ веб-мекенжайда қателермен көрсетіледі.– Егер сізге банк немесе интернет-дүкен атынан хаткелсе, сілтеме арқылы өтудің орнына, сайтқа өзіңізкіріңіз.

3. Тек тексерілген платформаларды қолданыңыз– Тауар сатып аларда сайттың қорғалған қосылымды пайдаланатынына көз жеткізіңіз (адрес жолағында https:// болуы керек).– Егер сатушы төлемді жеке банк картасына аударудысұраса, бұл күмәнді жағдай.

4. Екі факторлы аутентификацияны іске қосыңыз– Бұл сіздің аккаунтыңызды құпиясөздің ұрлануы жағдайында да қорғайды.– Барлық қызметтерде бір құпиясөзді пайдаланбаңыз.

5. Онлайн ұтыс ойындарына сақтықпен қараңыз– Шынайы байқауларда алдын ала төлем талапетілмейді және жеке деректер сұралмайды.– Байқауды ұйымдастырып отырған компанияның расында бар-жоғын тексеріңіз.

6. Демалыс үйлері мен билеттер үшін алдын ала төлемжасамаңыз– Сатып алушыны қорғайтын ресми брондау сайттарын пайдаланыңыз.7. Ал жұмыс барысында сенімді, қорғалған, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Битрикс24 cынды қосымшаларды қолдануды ұсынамыз.

Мейрам күндері – қуаныш уақыты ғана емес, сонымен қатар алаяқтардың белсенділігі арта түсетін кезең. Ақпаратты мұқият тексеріп, күмәнді ұсыныстарға сенбей, киберқауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды онлайн алаяқтардан қорғай аласыз. Наурыз мейрамыңыз құтты болсын!

TSARKA қолдауымен