Нейродизайн: Дизайнға деген көзқарасты ғылым қалай өзгертеді?

Нейродизайн: Дизайнға деген көзқарасты ғылым қалай өзгертеді?

Нейродизайн – бұл қолданушылардың қабылдауына және іс-әрекетіне әсер ете алатын дизайнды жасау үшін нейробиологиядан, психологиядан, социологиядан және мінез-құлық экономикасынан білімдерді біріктіретін заманауи бағыт. Бұл тәсіл дизайнерлерге визуалды, мәтіндік және тактильді элементтердің адам миына қалай әсер ететінін түсінуге және сол білімдерді тиімді, эмоциялық тартымды, интуитивті дизайн жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда дизайнерлер өз өнімдерін эстетикалық тұрғыда ғана емес, пайдаланушылар үшін қолайлы және түсінікті етуді мақсат етіп отыр.

Нейродизайнның басты мақсаты – адамның миы белгілі бір визуалды элементтерге, түстерге, пішіндерге және құрылымдарға қалай жауап беретінін түсініп, оны дизайнда қолдану. Мысалы, функционалдық магнитті-резонансты томография (фМРТ) зерттеушілерге белгілі бір визуалды элементтермен әрекеттескенде мидың қай бөліктері белсенді болатынын көруге көмектеседі. Бұл дизайнерлік тәсілдердің қаншалықты табысты екенін бағалап қана емес, оның неге жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік береді.

Нейродизайнның тағы бір маңызды бағыты – когнитивті санасыздықпен жұмыс істеу, яғни саналық қабылдау үшін қол жетімсіз деңгейде мида болатын терең процесстер. Біздің ми үнемі заңдылықтарды және түс, пішін немесе қозғалыс сияқты белгілерге топтастыра отырып, объектілер арасындағы байланысты іздейді. Бұл процесс гештальт деп белгілі және ол көптеген дизайн қағидаларының негізі болып табылады. Мимен жеңіл танылып, ұйымдастырылатын визуалды құрылымдарды жасау қолданушыда қанағаттану және қатысу сезімін тудыруы мүмкін. 

Нейродизайнның қолдану ауқымы өте кең. Ол веб-дизайн, жарнама және өнім қаптамаларында белсенді қолданылады. Мысалы, нейродизайн қосымшаларының бірі - веб-беттен алғашқы әсерді жақсарту болып табылады. Бұл жерде жүктеу жылдамдығы, элементтердің орналасуы, түстер палитрасы және визуалды иерархия сияқты факторлар маңызды. Осы барлық элементтер  ақпараттың қаншалықты жеңіл қабылданатынына және қолданушының сол бетте ұзақ уақыт өткізуіне тікелей әсер етеді. Когнитивті жүктеме аз болған сайын, қолданушының мақсатты әрекеттерді орындау, мысалы, сатып алу сияқты, ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Жарнама да нейродизайнды қолданудың маңызды аумағы болып табылады. Міндеті – хабарландыру жасап, оған ғана назар аудартпай, сонымен қатар эмоционалды реакция ояту. Биометрикалық мәліметтерді (мысалы, жүрек соғу жиілігі немесе терінің гальваникалық реакциясы) өлшеу сияқты нейромаркетингтің әдістерінің көмегімен дизайн адамның эмоционалдық жағдайына қалай әсер ететінін бағалай алады. Бұл тиімді және есте қаларлық жарнамалық науқандар жасауға мүмкіндік береді.

Өнімдер үшін қаптамаларды жасау да нейродизайнның басты бөлігі болып табылады. Дүкен сөрелерінде тұтынушының назарын аударудың басты құралы – бұл қаптама. Зерттеулер көрсеткендей, түс, пішін, текстура және форма сатып алу шешіміне тікелей әсер етеді. Нейродизайн осы элементтердің оңтайлы комбинациясын табуға көмектеседі, нәтижесінде өнімді сатып алушылар үшін тартымды етіп көрсетуге ықпал етеді.

Нейродизайнның принциптерін Apple және Google сияқты техологиялық үлкен корпорациялар белсенді қолдану тәжірибесі қызықтырады. Apple компаниясы өнімдерінің тактильді сезімталдығына ерекше көңіл бөледі. Компанияның бренд дүкендеріндегі кеңістіктік шешімдер мен жарықтандыру қолданушыға ашықтық пен инновация сезімін сыйлайды. Бұл барлық өзарс қарым-қатынас деңгейлерде оң қолданушылық тәжірибе жасау үшін ойластырылған тәсіл.

Тағы бір қызықты кейс - iMessage мессенджеріндегі "көк және жасыл көпіршіктер" тақырыбындағы қарама-қайшылықтар. Егер iPhone қолданушысы басқа iPhone қолданушысына хабарлама жіберсе, ол көк түспен көрсетіледі. Ал Android қолданушыларына жіберілген хабарламалар жасыл түспен көрсетіледі, бұл функцияларындағы өзгешелікке және әдеуметтік сигналдарға әкеледі. Бұл мысал визуалды элементтердің адамдар арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасына және пайдаланушының қабылдауына қалай әсер ететінін көрсетеді.

Facebook және Airbnb сияқты ірі платформалар да нейродизайнды қолдануда. Facebook жаңалықтар арнасын жасау үшін нейродизайнді пайдаланады, онда өзекті хабарламаларға пайдаланушының назарын аудару үшін визуалды иерархия элементтерін қолданады – бұл түрлі-түсті контрасттар, ірі шрифтер және жарқын суреттер. Airbnb болса, эмоционалды дизайн арқылы пайдаланушыларға үй иелері мен қонақтардың өзара әрекеттесуін айтып, жағымды эмоциялар тудырады.

Алайда, нейродизайнның басты аспектісі этика болып табылады. Цифрлік молшылық жағдайында қиынға соғатын пайдаланушының назарын дизайнге жаулап алу үшін қаншалықты алысқа кетуге болады? Зерттеулер көрсеткендей, қазіргі кезде адамның назары орташа есеппен тек 8 секундқа ғана шоғырланады, бұл 15 жыл бұрынғыдан қарағанда 4 секундқа аз. Осы жағдай дизайнерлердің өнімді қалай ұсынатынына әсер етеді – өнімді қарапайым әрі тартымды етіп жасау маңызды, бірақ тым қарапайымдық пен сенсация қуалаудан сақ болу керек.

Нейродизайн өнімнің сыртқы түрін және интерфейсін жақсаруға ғана көмектеспейді. Сондай-ақ қолданушылармен когнитивті және эмоционалды деңгейдегі терең байланыстағы дизайнды жасау үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл тәсіл қолданушылардың қажеттіліктерін ғана емес, олардың ішкі әлемін де ескеріп, мағыналы және этикалық қарым-қатынасты құруға шақырады. 

Қорытындылай келе, нейродизайн ғылым мен шығармашылықты үйлестіре отырып, дизайн үшін жаңа өнімдер жасауға жол ашады. Бұл тренд емес, қолданушылардың қажеттіліктерін терең қанағаттандыратын және олардың когнетивті ерекшеліктерін ескеретін өнімдерін жасауға көмектесетін кешенді тәсіл. 

Мақала Bang Bang Education (Ultimate Education құрамына кіретін) дизайн және технологиялар онлайн мектебінің сарапшыларымен дайындалды. Тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен студенттер дизайн, иллюстрация, бейне түсіру, сондай-ақ деректерді талдау, программалау, өнім жасау және жасанды интеллектпен жұмыс сияқты алдынғы қатарлы оқу сабақтарын меңгереді.

TSARKA қолдауымен