Нейрожелілерді креативті индустрияларға енгізу өнімділіктің 20%-дан астам артуына көмектеседі

Мұндай шешімге Ultimate Education құрамына кіретін XYZ және Bang Bang Education онлайн мектебінің сарапшылары келді. Ақпарат бизнес-процесстерді талдау, ашық ақпараттарды талдау және креативті индустрия өкілдеріне сауалнама жүргізудің арқасында алынды.
Креативті индустрияның өкілдері нейрожелілердің көмегімен өз жұмысының орта шамамен 23%-ын автоматтандырады. Дегенмен, оларды саланың небәрі 33% өкілі ғана қолданады. Көп жағдайда бұл мамандардың жеке бастамалары, ол бизнес-көрсеткіштердің өсуіне айтарлықтай әсер етпейді.
Нейрожелілердің көмегімен креативті индустрияның өкілдері шешітен тапсырмалардың арасында келесілерді атап өтуге болады: кескіндер генерациясы (34%), жаңа идеялар мен концепцияларды әзірлеу (31%), мәтін жазу және өңдеу (19%), қажетті ақпарат іздеу (15%), оқыту және білім алу (15%), бағдарламалау және код жазу (13%). (аталған сұрақта бірнеше жауаптарды таңдауға болады)
Босаған уақытты мамандар әртүрлі пайдаланады. Респондеттердің көбі (44%) өзін-өзі дамытуға, 29% – негізгі жұмысқа, ал 9% – қосымша жобаларға уақыттарын кетіретіндерін айтты. 18%-ы жай ғана демалатындықтарын мойындады.
Креативті индустрияның сұралған өкілдері жұмыс міндеттерін шешу үшін келетін ТОП-10 нейрожеліні атап өтті:
- ChatGPT
- Stable Diffusion
- Midjourney
- YandexGPT, Яндекс.Нейро
- Leonardo AI
- GigaChat
- Codeium
- Claude
- Copilot
- Mistral
Материал Bang Bang тарапынан дайындалған